Главная

Басқарма

Басқарма дегеніміз – бұл банктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы топтан құралған атқарушы ұйым. Басқарма төрағадан, оның орынбасарларынан, сондай-ақ банктің басқарушы директорларынан тұрады.

Шуртабаева Акмарал Тулаевна

Басқарма Төрайымы

2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің – қаржылық есеп және аудит факультетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы Алматы қаласындағы Каспий қоғамдық университетінің Заң факультетін юриспруденция маандығы бойынша тәмамдаған.
2006 жылдан бастап Алматы қ. «Нұрбанк» АҚ Бюджеттік және стратегиялық жоспарлау басқармасында қызмет атқарған.
2008 жылдан бастап «Альянс Банк» АҚ Корпоративтік басқару және комплаенс бақылау департаментінде маман, жетекші маман, бас маман, 2009 жылдан бастап Корпоративтік басқару қызметінің бастығы – Басқарма хатшысы, 2010 жылдан бастап Басшының орынбасары, ал 2011 жылдан бастап Канцелярия басшысы – Басқарма хатшысы қызметтерін атқарған.
2014 жылы Алматы қ. «БТА Банкі» АҚ Активтерді қайтару департаментінің Кредиттік жобаларды талдау және мониторинг жүргізу басқармасының талдаушысы, 2015 жылдан бастап Проблемалық кредиттермен жұмыс департаментінің директоры, ал 2016 жылы Активтерді қайтару департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2018 жылдан бастап Еншілес ұйымдармен жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарған.
2019 жылғы қыркүйектен бастап желтоқсанға дейін «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директор - Басқарма мүшесі қызметін атқарды.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрайымы болып тағайындалды.



Галинский Сандро Маркович

Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – Басқарма мүшесі

2015 жылы Қазақ инженерлік-технологиялық университетін «Экономика және Басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2014 жылы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының көмекшісі қызметінен бастаған.
2015 - «ЦУМ Айчурек» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қырғызстан Республикасы
2016 - «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының көмекшісі
2016.10.24. - «Казкоммерц – LIFE» («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің мүшесі
2016.10.27. - «Казкоммерц - Полис» Сақтандыру компаниясы» («Казкоммерцбанк» еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің мүшесі
2016-2019 - Бизнес қызметі.

2019 жылғы 01 тамыздан бастап «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды.



Аюханов Ильяс Булатович

Басқарушы Директор - Басқарма мүшесі

2001 жылы «Әдiлет» Құқық Жоғары мектебін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша тәмамдаған.
2015 жылы Ресей Федерациясы Президентіне қарасты Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей Академиясын тәмамдап, оған Мемлекеттік және муниципалды басқару, жобаларды және бағдарламаларды басқару бағыты бойынша Экономика Магистрі академиялық дәрежесі берілген.
2006 жылдан 2012 жылға дейін «Рахат» БК Бас директорының Кеңесшісі болды.
2012 жылдан 2015 жылға дейін «Тенгри» ЖШС Бас директорының Кеңесшісі болды.
2015 жылғы желтоқсаннан бастап «БТА Банкі» АҚ Активтерді қайтару департаментінің Басқарма бастығы қызметін атқарды.

2018 жылғы 19 наурыздан бастап «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі негізінде «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директор - Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды.



Логинова Наталья Сергеевна

Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі

1986 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын автоматтандырылған басқару жүйесі мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997 жылы Алматы банктік істер мектебін банк ісі мамандығы бойынша тәмамдаған.
2015 жылғы желтоқсаннан бастап 2019 жылғы тамызға дейін “БТА Банкі” АҚ Еншілес ұйымдармен жұмыс департаментінің директоры және Қаржы департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2014 жылғы қарашадан бастап 2015 жылғы желтоқсанға дейін «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ “Жоғары технологиялар институты” ЖШС ревизор қызметін атқарған.
1997 жылғы мамырдан бастап 2014 жылғы шілдеге дейін “БТА Банкі” АҚ Бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы, Қаржылық контроллинг департаментінің директоры, Басқарушы Директор-Басқарма мүшесі, Атқарушы Директор – Инвестициялар және капитал бойынша департамент директоры қызметтерін атқарған.
1991 жылғы мамырдан 1997 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жұмыс істеген.
1986 жылғы тамыздан 1991 жылғы мамырға дейін КСРО халық шаруашылығында есепті және есептілікті механикаландыру және автоматтандыру бойынша Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу жобалау-технологиялық институтында қызмет атқарған.

2019 жылғы 02 қыркүйектен бастап «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды.



Дугашев Сахильжан Маликович

Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі

1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Заң факультетін бітірген, мамандығы «Құқықтану», біліктілігі «Заңгер».
2008 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Қаржы және есеп» факультетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітіріп, «Бакалавр» дәрежесіне ие.
2006-2009 жылдар аралығында «БТА Банкі» АҚ Заң департаментінің әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
2009 ж. бастап 2015ж. дейін «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшысы болып жұмыс істеді.
2016-2018 жылдар аралығында әртүрлі лауазымдарды атқарып, «БТА Банкі» АҚ Еншілес ұйымдарымен жұмыс жөніндегі департаментті басқарды.
2018 жылдан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Заң департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020 жылғы 01 қаңтардан бастап «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директор – Басқарма Мүшесі лауазымына тағайындалды.



Рахимжанова Алмагуль Жакипбековна

Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі

1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің экономика және құқық факультетін бітірді, экономика бакалавры біліктілігі беріліп, «Мемлекеттік реттеу және әкімшілік басқару» саласындағы маман болды.
2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистратурасын үздік бітіріп, «Коммерция» мамандығы бойынша экономика магистрі біліктілігі берілді.
2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің Ақша қаражатын бақылау және бөлу бөлімінің Бас маманы болып жұмыс істеді.
2004 жылдан 2005 жылға дейін «Алаш Банк» АҚ Талдау бөлімінің Бас маманы болып жұмыс істеді.
2005 жылдан бастап 2007 жылға дейін «БТА ORIX Лизинг» АҚ Бизнес-бақылау департаментінің Мониторинг басқармасының Бастығы болып қызмет атқарды.
2007 жылдан 2010 жылға дейін «БТА Банкі» АҚ Басты Банкінің Проблемалық кредиттер Басқармасының Проблемалық кредиттермен жұмыс істеу Бөлімінің Бас маманы болып, әрі қарай - сол бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2010 жылдан 2014 жылға дейін «Альянс Банкі» АҚ Алматы қаласындағы филиалында Заңды тұлғалардың проблемалық берешегін өндіріп алу басқармасының Бастығы, кейін Жеке тұлғалардың проблемалық берешегін өндіріп алу басқармасының Бастығы қызметін атқарды.
2014 ж. бастап 2016ж. дейін «БТА Банкі» АҚ Басты банкінің Корпоративтік бизнестің проблемалық кредиттері басқармасының Бастығы қызметін атқарды.
2014 ж. бастап 2016ж. дейін "БТА Банкі" АҚ Активтерін қайтарып алу департаментінің Директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
2018 жылдан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін «БТА Банкі» АҚ Несие портфелімен жұмыс және жобаларды құқықтық сүйемелдеу департаментінің Директоры қызметін атқарды.

2020 жылғы 01 қаңтардан бастап «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директор – Басқарма Мүшесі лауазымына тағайындалды.





* 2008 жылғы 24 қаңтарда «ТұранӘлем Банкі» АҚ атауы «БТА Банкі» АҚ болып өзгертілді.

24.01.2008ж. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен берілген Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама