Главная

Директорлар кеңесі

Самигуллин Рифат Анварович

Директорлар кеңесінің Төрағасы

2000 жылы Алматы қаласы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер Академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған
2000 жылдан 2014 жылға дейін ішкі істер органдарында және қаржы полициясында орта және аға басқарушы құрамда қызмет атқарған.
2015 жылғы 6 қазаннан бастап 2015 жылғы 22 қарашаға дейін «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі қызметін атқарды.
2015 жылғы 23 қарашадан бастап 2016 жылғы 7 сәуірге дейін «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары қызметін атқарды.
2016 жылғы 8 сәуірден 2017 жылғы 31 қаңтарға дейін «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылғы 1 ақпаннан 2018 жылғы 19 наурызға дейін «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарды.

2018 жылғы 19 наурыздан бастап «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметіне сайланды.

Ян Петер Шелленбергер

Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор

Германия, Саксония жері, Мариенберг қ. туылған.

1993 ж. Мәскеу қ., Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық қатынастар Институтының Халықаралық қатынастар факультетін үздік тәмамдаған.

1993–1998 жж. Франкфурт-на-Майне қаласындағы Commerzbank AG орталық офисінде ТМД елдерінің қаржылық институттарымен жұмыс жүргізу бөлімшесінің клиенттік менеджер қызметін атқарған.

1998–1999 жж. Мәскеу қ. Commerzbank AG Өкілдігі басшысының орынбасары болды. РФ 1998ж. қаржылық дағдарыстан кейінгі активтерді қайтару бойынша банктің жұмысын үйлестірді.

1999 ж. Мәскеу қ. Commerzbank AG Өкілдігінің басшысы қызметін және осы қызметті 2002 жылға дейін атқарды.

2001–2001 жж. – Мәскеу қ. Неміс Экономикасы Одағының Басқарма мүшесі.

2003–2005 жж. Франкфурт-на-Майне қ. Commerzbank AG ТМД елдерінің қаржылық институттарымен жұмыс жүргізу департаменті директорының орынбасары қызметінде болды.

2006 – 2015 жж. - Амстердам қ., Амстердам Сауда Банкінің Корпоративтік клиенттерімен жұмыс жүргізу департаментінің директоры болды.

2011 – 2015 жж. – Мәскеу қ., АТБ Лизинг компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі.

2015 жылғы 24 желтоқсаннан бастап тәуелсіз директор ретінде «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне сайланды.

Төлеген Төребекович Тастанбеков

Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор

2000 жылы Қазақ Мемлекеттік заң Академиясын («Кәсіпкерлік құқық» факультеті) тәмамдаған, 2001 жылы Шымкент қалалық әкімшілігінің Мемлекеттік тілді оқыту орталығында «Қазақ тілінде іс құжаттарын жүргізу» үш айлық курсынан өткен, 2002 жылы «Қазақстан менеджерлерін дамыту» жобасын халықаралық дамыту бойынша АҚШ Агенттігімен қаржыландырылған ICMA оқу курсын тәмамдаған, 2005 жылы ҚР Жоғарғы Сотына қарасты Сот Академиясында біліктілікті арттыру курсын аяқтаған.

2001-2004 жылдары ҚР Жоғарғы сотына қарасты Сот әкімшілендіру жөніндегі комитеттің ОҚО Сот әкімшілігінде кадр жұмыстары бөлімінің жетекші маманы, 2004 – 2005 жылдары ҚР Жоғарғы сотына қарасты Сот әкімшілендіру жөніндегі комитеттің ОҚО Сот әкімшілігінде сот қызметтерін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2005-2006 жылдары ОҚО Ордабасы аудандық соты аппаратының басшысы болған, ал 2006-2009 жылдары «Шымкент Мұнай өнімдері» АҚ заңгер қызметін атқарған. 2009-2011 жылдары «СӘТТІ» Холдингтік компаниясы» ЖШС Заң департаментінің директоры қызметін атқарған.

2009 жылдан бастап «STrade LLP» ЖШС Бас директоры болып табылады, 2011 жылдан бастап «STrade Oil Production» ЖШС Бас директоры, 2015 жылдан бастап «AG Engineering and Construction» ЖШС Бас директоры қызметтерін атқарған. «Қазақ Географиялық Қоғамы» ҚБ Президиумының Төрағасы және «Қазақстандық өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы» ЗТҚ Президенті болып табылады.

2016 жылғы 26 тамызда тәуелсіз директор ретінде «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне сайланды.

Мынжанов Павел Адильевич

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

2003 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетін (Алматы) «Қаржы және кредит» факультетінің «Банк ісі» мамандығы бойынша тәмамдайды. 2003-2005 жылдары Халықаралық бизнес академиясының (Алматы) магистратурасын аяқтайды.

Банк секторында өзінің еңбек жолын 2006 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ бастайды, онда ол 10-жыл ішінде кредиттік талдаушы қызметінен бастап Корпоративтік кредиттеу департаментінің Директоры қызметіне дейінгі барлық деңгейден өтеді. 2014 жылғы ақпаннан 2015 жылғы маусымға дейін «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Кеңесшісі, кейін - Басқарушы директор қызметтерін қоса атқарады.

2016-2017 жылдары «Qazaq Financial Group» АҚ Басқарушы Директорының кеңесшісі қызметін атқарады.

2017 жылғы 28 желтоқсаннан бастап «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне сайланды.

Питулова Ольга Владимировна

Директорлар кеңесінің мүшесі

2008 жылы Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласындағы Заманауи Гуманитарлық Академиясын Экономика мамандығы бойынша тәмамдады.
2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң ғылымдарының Магистрі академиялық дәрежесіне ие болды.
2015 жылы Германия, Киль қ., Шығыс-Еуропалық құқық Институтының зерттеу тағылымдамасынан өтті. Отбасылы, ұлы бар.
Өзінің еңбек жолын 2005 жылы «КСЖ «Валют- Транзит Life» АҚ «Валют Транзит» Кешенді қызмет көрсету тобы Орталығының Директоры қызметінен бастаған.
2007 жылдан 2010 жылға дейін «БТА Банкі» АҚ Бөлшек блогы бөлімшелерінде әртүрлі қызметтерді атқарды.
2010 жылдан 2014 жылға дейін «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшы аппаратында қызмет атқарды.
2014 жылғы желтоқсаннан бастап 2015 жылғы маусымға дейін «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі негізінде Корпоративтік хатшы қызметін атқарды.
2015 жылғы маусымнан 2018 жылғы наурызға дейін «БТА Банкі» Корпоративтік хатшы - Директорлар кеңесінің Төраға кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

2018 жылғы 19 наурыздан бастап «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды.

* 2008ж. 24 қаңтар күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ атауы «БТА Банкі» АҚ болып өзгертілді.

24.01.2008ж. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен берілген Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама