Қаржыландыру
"БТА Банкі" АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі заңды тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырамыз.
Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз бетінде ғана қалып қояды.
Артықшылықтары
- Қаржыландыруларды төмендету. Банк кешендік несиелендірудің әртүрлі сұлбаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жұмсауға ықпал етеді.
- Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рыноктық конъюнктурадағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ мөлшерлемелер банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың ұлғаюына қарай төмендетілуі мүмкін.
- Несиелік өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
- Біздің банктің қызмет түрлерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп-айырысу кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.


