Главная

Баспасөз мониторингі

2012 2008 2007 2006 
ақпан наурыз сәуір мамыр 

26.05.2006
"ТұранӘлем Банкі" АҚ "Ана тілі" аруы" байқауына демеушілік көрсетті
"Ана тілі" аруы байқауының ең басты мақсаты мен арманы, тілегі – қазақ қызының ешкімге ұқсамайтын ғажайып қасиетін, әсем мінез құлқын қалыптастыруға мұрындық болу. Ал тәрбиенің басты құралы – тіл. Сәлемін қазақша беретін, сезімін қазақша білдіретін, айналайынын қазақша айтатын қыздан ертең парасатты ана шығары хақ, – дейді "Ана тілі" газетінің бас редакторы Мереке Құлкенов.

21.04.2006
Оның есiмi өнегелі iстер тақтасында жазылған
Жақында өткен Ержан Тәтiшев атындағы «Алтын Тұран» сыйлығын тапсыру салтанатында ТұранӘлем банкiнiң басқарма төрағасының орынбасары Еркiн Тәтiшев жеңiмпазға барыстың алтын мүсiншесiн тапсырып тұрып: «Менiң ағамның өмiрлiк қағидасы – ар-ұяттың тазалығы мен кәсiбилiк болатын...» дедi.

14.04.2006
ТӘБ сайтының жаңа нұсқасын жарыққа шығарғалы байланыс дами бастады
«ТұранӘлем Банкі» АҚ наурыз айының соңында корпоративті сайтының (http://www.bta.kz) жаңа нұсқасын жасап шығарды. Қазіргі заманға сай дизайнмен жасалынған, навигацияның жаңа жүйесі, үздік интерфейс және ең бастысы, веб-сайттың қазақ және ағылшын тілінде жарыққа шығуы қазақстанда әлі де шешімі табылмай жатқан Интернет жүйесінің дамуына өз үлесін қосады.

17.03.2006
«ТұранӘлемБанкі» АҚ — мінсіз банк!
Алматыдағы Балалар және жасөспiрiмдер театрында «Мінсіз» Ұлттық сапа белгiсiмен марапаттаудың қазақстандық бiрiншi салтанаты болып өттi. Сарапшылардың тәуелсiз алқасы банктер арасына зерттеу жүргiзiп, ТұранӘлемБанктi халыққа қызмет ету саласындағы ең үздiк банк деп тапты. Қазақстан тұтынушылары тағайындаған жоғарғы марапатты банк атынан Басқарма Төрағасының орынбасары Болат Мергенғалиұлы Байміров қабылдап алды.

04.02.2006
«ТұранӘлем» банкi Алматы филиалының директоры Санат ӘБЕНОВ: Бiздiң салымшыларымыз - сенімді серiктестерiмiз
Бүгiнгi уақытта бизнес пен мемлекеттiк қызметте iстiң көзiн бiлетiн азаматтарға деген құрмет пен талап күннен күнге артып отырғаны жасырын емес. Әрине бұл тек бизнес пен мемлекеттiк қызметке қатысты айтылмаса керек-тi. Ал Банк жүйесiндегi талап өзiнше бөлек әңгiме. Бәсекелестiк артып, табыстың көзiне айналған қаржы қызметi үшiн әлгi айтқан «алтын бастар» айрықша қажет.