Главная

Баспасөз мониторингі

2012 2008 2007 2006 
қаңтар 

«БТА Банкі» АҚ қарызын қайта құрылымдауды жоспарлауда

18.01.2012 /  Хабар 

«БТА Банкі» өзінің Акционерлеріне берешекті қайта құрылымдау туралы ұсыныс жасады. Бұл шара банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға, нарықтағы көшбасшы орнын қалпына келтіруге негіз болмақ. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

«БТА Банкі» басшылығы 26 қаңтарда өтетін акционерлер жиынында қаржы құрылымының 4 млрд. доллар көлеміндегі қарызын қайта құрылымдауға рұқсат алмақ. Бұған дейін Лондон және Нью-Йорк қалаларындағы кредиторларымен келіссөздер жүргізген болатын. Қайта құрылымдау аясында банкпен қатар, акционерлердің де, сыртқы кредиторлардың да мүддесі ескеріледі. Банк 2010 жылғы қаржы құралдарына жұмсалған несиені жаңа талаппен өтеуге қол жеткізбек.

Әнуар Сәйденов, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы

Қайта құрылымдау нәтижесінде, банктің қаржылық жағдайы жақсарады. Тиімді талаппен тұтынушыларға жаңа қызмет түрлерін ұсынуға мүмкіндік аламыз. Сыртқы қарыз міндетті түрде қайтарылады. Бірақ, берешекті өтеу талаптарын өзгертсек дейміз.

«БТА Банкінің» қарызды қайта құрылымдаудағы басты мақсаты - қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл шара банктің бұған дейін ұсынған қызмет түрлеріне әсер етпейді.

Асхат Бейсенбаев, «БТА Банкі» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы

Біз халыққа және бизнеске барлық банктік қызметтер кешенін көрсетеміз де және көрсетуді жалғастырамыз да. Кредиттер беру, депозиттерді қабылдау және оларға қызмет көрсету, төлем карточкаларына қызмет көрсету, ақша аударылымдарын жүзеге асыру қызметтерін одан әрі жалғастырамыз.11:36

«БТА Банкі» «Бизнестің жол картасы», Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын қаржыландырып, ел экономикасын көтеруге атсалысуда. Қайта құрылымдау банк қарызын азайтып, қызмет көрсету сапасының жақсаруына негіз болмақ.