Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қыркүек қараша желтоқсан 

Алматы: ТӘБ 777,000,000 АҚШ доллары сомасына синдикатталған қарыз тартты

20.09.2005

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (Қазақстан) қазіргі кезде қазақстандық қарызгерлер тартып отырған ең ірі синдикатталған қарыздың кепілгері атанды. Бүгін Алматы қаласында 777 млн. АҚШ доллары сомасына жасалған мәміле жөніндегі келісімге қол қойылды. TuranAlem Finance B.V. сауданы қаржыландыру және қайта қаржыландыру мақсатында жылдық 70 базистік тармақтан тұратын маржамен 1 жылдық мерзімге қарыз тартты.

Қарыздың ұйымдастырушылары Arab Bank plc, The Bank of Tokyo-Mitsubishi, Ltd., HVB Group (Bank Austria Creditanstalt AG / Bayerische Hypo- und Vereinsbank AG), J.P. Morgan plc және SANPAOLO IMI S.p.A. Синдикаттың қатысушылары, оның ұйымдастырушыларын қоса атағанда, 73 шетелдік банк пен қаржы институты болып табылады, олардың 35-ін Батыс Еуропа, 13-ін Таяу Шығыс, 9-ын Оңтүстік Шығыс Азия, 8-ін Ұлыбритания, 6-ын Солтүстік Америка және 2-ін Шығыс Еуропа ұсынып отыр. Алғаш рет қазақстандық синдикатталған қарыздар алу рыногында шамамен 20 банк пайда болды.

Тәуекелдіктерді бағалау мәселесіне әр түрлі тәсілдер пайдаланатын синдикат қатысушыларының орасан зор географиясы «ТұранӘлем Банкі» АҚ мен TuranAlem Finance B.V. несие қабілеттілігіне берілген аса жоғары халықаралық бағаны растайды. Бұған синдикаттау барысында бастапқы кезде хабарланған 300 млн. АҚШ долларынан 900 млн. АҚШ долларына дейін көтерілген несие сомасы да куә болып тұр (қайта жазылым 200%-ға дейін). Қарызгер қарыз сомасын 777 млн. АҚШ долларына дейін лғайту туралы шешім қабылдады.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың лидері. ТӘБ активтері 5,7 млрд. АҚШ долларына жетеді, ал банктің меншікті капиталы 600 млн. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы сауданы қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында жетекші орын алады. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің спектрін кеңейтуді, сондай-ақ тұрақты да серпінді өсуді қарастырады.
«ТұранӘлем» банкінің еншілес компаниясы - TuranAlem Finance B.V. бағалы қағаздардың халықаралық рыногында қаржылар тарту мақсатында 2001 жылы Нидерландта құрылды.