Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қыркүек қараша желтоқсан 

Астана: ТұранӘлем Банкі студенттерге кепілді кпен қамсыздандырусыз несие береді

09.11.2005

2005 жылғы 9 қарашада ТұранӘлем Банкі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кепілдік берушінің несие беруші алдындағы қарыз алушы міндеттерінің орындалу жауапкершілігі туралы Бас келісімге қол қойды. Келісім Коммерциялық банктердің жоғары оқу орындары студенттеріне берілетін несиелерге кепілдік беру бағдарламасы аясында жасалды. Кепілдік міндеттемелерді жүзеге асыратын кепіл беруші «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.
Банк несие беру бойынша Қазақстанның Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларында аттестацияланған аса ірі деген он жоғары оқу орнын белгіледі. Осы 4 қалада алғашқы сынды өткізіп көрмекші. 2006 жылы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық республиканың 7 қаласына дейін, ал 2007 жылы 16 қалаға дейін өседі деп жоспарланып отыр.

ТұранӘлем Банкі несиелер бойынша міндетті қамсыздандыруды талап етпейді, ал несиені өтеу тек жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін басталады. Несиелер нақты табыс таппайтын студенттерге ғана беріледі. ТӘБ несиелерді 2006 жылдың қаңтар айынан бастап беретін болады.

Екі жақты Келісімге қол қоюдың мақсаты – жоғары кәсіби білім алу мүмкіндігін кеңейту және республикамыздың жоғары оқу орындарындағы студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту.

Келісімде несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің және несие берушілердің несие шарттары бойынша қарыз алушылардың өз міндеттемелерін орындамауымен байланысты тәуекелдіктерінің төмендеуі, берілетін несиелердің көлемінің ұлғаюы және қарыз алушылар ортасын көбейту үшін қолайлы жағдайларды туғызу қарастырылған.

«2006 жылдан бастап ТӘБ студенттердің шетелде тұрып, оқуларына тұтынушылық несиелерін ұсынатын болады», - деді “ТұранӘлем Банкі” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Болат Байміров. «Біз қазірдің өзінде Қазақстанның аса ірі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық құрып жүрміз және ақырғы қарыз алушыға қамсыздандырусыз несиелер бере отырып, әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз».

«ТұранӘлем Банкі» АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда лидер. ТӘБ активтері 6,1 млрд. АҚШ долларына жетеді, ал банктің меншікті капиталы 643 млн. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. «ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.
«Қаржы орталығы» АҚ (мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен несиелерді қайтару кепілдігін қамсыздандыру үшін компания 2 млрд. теңге сомасындағы қаражаттарды шоғырландырады. 2005 жылы несиелендіруге 600 миллион теңге бөлінді. Екінші деңгейдегі банктермен берілетін несиелерді кепілдендіру жүйесі ел Президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғырту жолында» деген Жолдауына сәйкес жасалған.