Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қыркүек қараша желтоқсан 

Алматы: Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен ТұранӘлем банкі 14 желтоқсаннан бастап “Наурыз Банк Қазақстан” АҚ салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлей бастайтындығын жариялайды.

09.12.2005

«ТұранӘлем Банкі» АҚ 14 желтоқсаннан бастап “Наурыз Банк Қазақстан” АҚ салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлей бастайды. Наурыз-банктің салымшылары төлемдерді Қазақстанның барлық аймақтарындағы «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның бөлімшелеріне келіп алады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) өткізген конкурстың қорытындылары бойынша ТұранӘлем Банкі банк-агент ретінде таңдап алынды. ҚДКБҚ мен ТӘБ арасында Агенттік келісімге қол қойылды.

Кепілдік берілген өтем жеке тұлғалардың, оның ішінде жеке кәсіпкер тұлғалардың кепілдік берілген 7 000 000 теңгеге дейінгі немесе осы соманың шетел валютасымен баламасына дейінгі мерзімді және шартты депозиттер бойынша, соның ішінде, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша, талап ету бойынша берілетін депозиттер; ағымдағы және карт-шоттардағы қалдық ақшалар бойынша төленеді.
Қордың кепілдік берген депозиттері бойынша ТұранӘлем Банкі депозит валютасында, қолма-қол немесе қолма-қолсыз төлемдер түрінде, есептелген сыйақысыз 400 000 теңге мөлшерінде өтемді төлейді.
Егер салымшы депозит бойынша жеке өзі кепілдік берілген өтемді алуға мүмкіндігі жоқ болса, онда өтем сомасы басқа тұлғаға, ата-аналарына немесе кәмелетке толмаған балалардың қамқоршыларына, мұрагерлеріне сенімхат бойынша беріледі.
Мөлшері 7 000 000 теңге немесе одан асатын мерзімді және шартты депозиттері, жеке тұлғалардың дапозиттері-кепілдіктерімен қоса, Наурыз-банктің бірінші басшыларының және олардың жақын туыстарының, акциялардың бес және одан да көп пайыздарына дауыс беру құқығына ие Наурыз-банк акционерлерінің және олардың жақын туыстарының депозиттерінің төлемдері өтелмейді.
Салымшы өтем сомасын алу үшін банктік қызмет көрсету шартының және/немесе салым құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмесін, жеке куәлікті, СТН, сондай-ақ жазбаша өтінішті тапсыруы тиіс.
Банктің қызметкері құжаттарды тексеріп болған соң, салымшыға салыстыру күні немесе ТұранӘлем банкіне құжаттар түскен күннен бастап бес операциялық күн ішінде депозит бойынша кепілдік берілген өтем төленеді. Салымшының құжаттарына қатысты қандай да бір проблемалар туындаған жағдайда төлем мерзімі ұзартылуы мүмкін.
“Наурыз Банк Қазақстан” АҚ-ның салымшылары өз депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді 2005 жылғы 14 желтоқсан мен 2006 жылғы 14 шілде аралығында алты ай ішінде ТұранӘлем банкінен ала алады.

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2005жылғы екінші маусымдағы шешімімен «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ-ның барлық банктік операцияларды жүзеге асыратын лицензиясы қайтарылып алынды. Кейіннен уақытша әкімшілік тағайындалған болатын. 2005 жылғы маусым айының 13-і күнгі агенттіктің арызы бойынша Алматы қаласының арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ қызметін тоқтататындығы жөнінде іс қозғады. «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ-ның қызметін тоқтатуы туралы сот 2005 жылдың 16 қарашасында шешім қабылдаса, ал заңды түрде 2005 жылы екінші желтоқсанда жүзеге асты.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 6,76 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 804 млн. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.
2005 жылы 11 ай ішінде жеке тұлғалар депозитінің құны 20, 6 пайызға жедел қарқынмен өсті. Ал абсолютті өсім 123 млн.АҚШ долларын құрады. Салымшылардың саны 4 088 адамға көбейді. Банк мерзімді депозиттер рыногында нақты кезеңде шамамен 21 пайызды құрайтын үлесі бойынша алда келеді.
Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 1999 жылғы қараша айында құрылған. Қордың құрылтайшысы ҚР Ұлттық Банкі болып табылады. Қордың басты мақсаты – екінші деңгейдегі банктер салымшыларын қорғау және қаржылық тұрақтылықты сақтау. 2005 жылдың 1 қарашасындағы мәліметтер бойынша Қор активтері 10 млрд. теңгені құраса, жеке тұлғалардың салымдары бойынша қор резерві шамамен 9 млрд. теңгені құрады. Бүгінгі күні Қазақстандағы екінші деңгейдегі 35 банктің 34-і депозиттерді кепілдендіру жүйесіне енеді.