Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Алматы: “Наурыз Банк Қазақстан” АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтелуі тиісті соманың 70% пайызынан астамы төленді

06.01.2006

«ТұранӘлем Банкі» АҚ қаңтар айының бесіне дейін “Наурыз Банк Қазақстан” АҚ салымшыларына өтелуі тиісті барлық соманың 70,6 пайызын төледі. Жалпы 762 млн. теңгенің 538 миллионы қайтарылды.

Валюталық бағаммен есептегенде бұл 400 млн. теңгені және 51 мың ресей рублін, шамамен миллион АҚШ долларын және 70 мың еуроны құрайды.

ТӘБ филиалдары 2438 ірі салымшылардың талаптарын қанағаттандырды. Жұмыс барысында кездескен проблемалар техникалық тұрғыда ғана болды. Олардың көп бөлігі салымшылар бойынша Наурыз банктің мәліметтер қоймасына әртүрлі форматта енгізілгендіктен проблемалар кездесіп жатты. Бірақ ТӘБ-де ашылған «жедел байланыс» қызметінің арқасында бас офис пен филиалдардың касса қызметкерлері арасындағы қатынас ешқандай қиындықсыз жедел нақты уақытта жүргізіліп отыр.

Салымшылардың өтемдерін төлеу 2005 жылдың 14 желтоқсанынан бастап 2006 жылдың 14 маусымына дейін жалғасады.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 7 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 800 млн. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.