Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Алматы: Қазақстанда алғашқы мамандандырылған Western Union орталығы ашылды

20.01.2006

Бүгін ТұранӘлем банкінде Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған Western Union халықаралық жедел ақша аудару орталығы ашылды. Бұл орталықта алты оператор ақша аударуды жүзеге асырады. Клиенттерге екі менеджер - кеңесші көмек беруде. Ақша аударымы кезекке тұрусыз 4-5 минут ішінде жүзеге асырылады.

2006 жылдың 16 қаңтарынан ТМД елдеріне ақша аудару қызметі үшін төлем аударатын ақшаның көлеміне қарай 8 пайыздан 60 пайызға дейін төмендетілді. Енді ақшаны арнайы банктен шот аштырмай-ақ аударуға болады. төмендетілген тариф бойынша банк клиенті шамамен 100 АҚШ долларын аудару үшін 6 доллар төлейді.

16 қаңтардан бастап Қазақстан аумағында АҚШ долларымен ақша аудару жүзеге асырыла бастады. Сондай-ақ, мұндай аударымдарға қызмет көрсету төлемдері төмендетілген.

Сонымен қатар, бүгін Алматыда WU бойынша ақша аудару жөнінде еліміздің 2005 жылғы үздік операторлары – ТӘБ-тің Шымкент қаласындағы филиалының операторлары дипломдар және грамоталармен марапатталды. Олар WU конкурсының жеңімпаздары болып белгіленді. Тәуелсіз аудиторлар құпия тексерулер барысында жеңімпаздардың жоғары дәрежедегі кәсіби мамандар екендіктерін анықтады.

ТұранӘлем банкі Western Union ақша аударымдары бойынша 133 пунктте қызмет көрсетеді. Оның 37-сі Алматы қаласында орналасқан.
ТӘБ-тің рыноктағы үлесі 2005 жылдың қараша айында 13 пайызды, ал қаржы аударымның жалпы саны – 28 689 құрады. ТұранӘлем банкі Western Union ақша аударымы бойынша Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 2000 жылдың параша айының 30 жұлдызынан бастап халыққа қызмет көрсете бастады.

Western Union халықаралық жедел ақша аудару жүйесі кең тараған және 191 мемлекетте жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзі бойынша жүз мыңнан аса пункт клиенттеріне осы қызмет түрін оңай, әрі жедел түрде көрсетуде.
Жүйе клиенттерге әлемнің кез-келген қызмет көрсету бөлімшесінен жедел ақша алуларына мүмкіндік береді.

Қазақстан ТұранӘлем Банкі / Қазақстанда алғашқы мамандандырылған Western Union орталығы ашылдыҚазақстан ТұранӘлем Банкі / Қазақстанда алғашқы мамандандырылған Western Union орталығы ашылды
Қазақстан ТұранӘлем Банкі / Қазақстанда алғашқы мамандандырылған Western Union орталығы ашылдыҚазақстан ТұранӘлем Банкі / Қазақстанда алғашқы мамандандырылған Western Union орталығы ашылды