Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Теміртау: ТұранӘлем Банкі Қазақстанда ең бірінші болып «Миттал Стил Теміртау» зауытының қызметкерлеріне арнайы есеп-айырысу бөлімін ашуда

03.02.2006

ТұранӘлем Банктің жаңа есеп-айырысу бөлімі «Миттал Стил Теміртау» зауытының аумағындағы орталық қақпа мен зауытбасқармасының жанынан ашылды.

Ашылу рәсіміне қатысқандар:

  • Рамазанов Асылмұрат Сейдрахымұлы - Банктің басқарма бастығы
  • Серіков Ерлан Жұмағұлұлы - Банктің Теміртау филиалының директоры
  • Жұмагелдиев Қайырлы Ғайноллаұлы-«Миттал Стил Теміртау» АҚ кәсіподақ Төрағасы
  • Чоудхари Навал Кишоре (Choudhary Nawal Kishore) - «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның Бас директоры
  • Тапариа Сатиш Чандра (Taparia Satish Chandra) - «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның әкімгерлік және коммерциялық, қаржылай атқарушы директоры.
  • Щерба Виктор Семенович – Техникалық жаңалық енгізу және тұтынушылармен байланыс жөнінде директор

Болат және Көмір өндіру Департаментінің қызметкерлері, Мұнайгазтұрба, Өркен, СМЕ Ресорс, Оқжетпес, Карвол және өзге де компаниялардың қызметкерлері жалақыларын әдеттегідей емес, мерзімінен бұрын, әр айдың оныншы күнінде, екі-үш күн аралығында банкомат арқылы ала алады. Сондай-ақ, банк айлық жалақыларын кешке қарай емес, таңертеңгі мезгілде аударуды жоспарап отыр.

Банкоматтар мен есеп-айырысу бөлімдерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамассыз ету үшін ТұранӘлем банк тәжірибесіндегі озық шараларды қолданбақшы. 2006 жылдың қаңтар-ақпан айларында жаңа телекоммуникациялық желіні салу аяқталады. Сонымен қатар, күтпеген жағдайларда банкоматтардың үзіліссіз жұмыс істеп тұруы үшін резервті радиоканалдар орналастырылады.

Банк - клиенті болып табылатын «Миттал Стил Теміртау» зауытының қызметкерлеріне арналған есеп-айырысу бөлімі Республика даңғылы, 1/1 мекен-жайында орналасады. Ғимарат 340 шаршы метр алаңын алып жатыр, екі есеп-айырысу кассасы бар. Ғимараттың сыртында ақша айырбастау пункті және екі банкомат орналасқан. Есеп-айырысу бөлімі уақыт талабына сай толық жабдықталған және білікті мамандармен қамтамассыз етілген. Мұнда касса қызметкерлерінен басқа, ақша айырбастау пунктінің қызметкерлері және несиелік инспекторлар мен карточка жөніндегі менеджерлер қызмет жасайды. Олар негізгі операцияларды: коммуналды төлемдерді төлеу, депозит бойынша салымдар мен төлемдер, айырбас қызметтерін жүзеге асыруға көмектеседі. Ал несие алғылары келетідер үшін ТӘБ ең төменгі көрсеткішпен, зауыттың кәсіподақ ұйымының кепілдендіруі бойынша несие ұсынады.

«Миттал Стил Теміртау» АҚ компаниясының жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлеріне пластикалық карточкалар, терминалдар мен ПИН-кодтар жайлы хабарландырылады. Қызметкерлерге карточкаларды қалай қолдану туралы нұсқаулар тапсырылады. Әрбір банкоматтардың алдына қолданушыларға қосымша ақпараттар ілінеді. Қаңтар айынан бастап тәулік бойғы «байланыс желісі»- Call-орталығы қызмет көрсетеді. Карточка жөніндегі барлық сұрақтарға қалалық нөмірден тегін қызмет көрсетіледі. «Миттал Стил Теміртау» қызметкерлері алғашқы екі айдың жалақысын алатын уақытта әрбір банкоматтардың алдында ТӘБ-тің жалдамасымен, ақша алатындарға жаңа технологияның қызметін жан-жақты түсіндіру үшін кеңесшілер /промоутерлер/ тұрады.

«Миттал Стил Теміртау» қызметкерлеріне банк арнайы тегін карточкалар шығарады. Қолма-қол ақша алу үшін төленетін комиссияның құны 0,7 пайыздан 0,2 пайызға дейін төмендетілді. Карточка шотында қалған сома бойынша жылдық 1 пайыз көлемде төлем енгізілді.

“ТұранӘлм Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 7,2 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 800 млн. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.