Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Алматы: ТұранӘлем Банкі «Ресей Федерациясының экономикасына табысты бірігуімен» танылды

17.02.2006 / Қасымхан Бегманов, Ақбану Тлеубаева, Баспасөз орталығы

«2005 жылдың Тұлғасы» атағына және «Ресей экономикасына табысты интеграциясы үшін» атты арнайы номинациясындағы құрметті диплом «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Тәтішев Еркін Нұрілдәйімұлына табыс етілді.

Жыл сайын өтетін ұлттық «жыл Тұлғасы» премиясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Мәскеу қаласындағы Кремілдің Патриарш сарайында ақпан айының 15-ші жұлдызында өтті. Бұл премияның басты мақсаттарының бірі: қоғам, бизнес, билік арасындағы бірлікке қол жеткізу.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстанның жүйеқұрушы банкі және ТМД елдеріндегі банк жүйесін құруда көшбасшы, 2005 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу, Астрахань, Омськ және Қазан қаласындағы стратегиялық серіктес банк ретінде танылды. ТӘБ активтері (қаңтардың соңында) 7,2 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 800 млн. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие еру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.

РБК премиясының номинанттарын таңдаудың басты шарттары: үміткерлер қызметіне жаңалық енгізу, тәжірибелігі, ерекше жетістіктері немесе арнайы тұлғасы. Компанияның, мемлекеттің кез-келген саласына, әлемдік қоғамдастық интеграциясына, дамуына қосқан жеке үлестері. Конкурстың төрайымдары ретінде бизнес, мәдениет, саясат, БАҚ өкілдіктері қатысты.

Сонымен қатар, «2005 жылдың Тұлғасы» премиясының лауреаттары РФ Үкіметінің Төрағасы орынбасары Жуков А.Д., РФ Ақпараттық технология және байланыс Министрі Рейман Л.Д., Мәскеу Үкіметі Мэрінің бірінші орынбасары Ресин В.И., «Уралсиб» қаржы корпорациясының президенті Цвєтков Н.А., «Жыл банкирі» атағын РФ Сбербанк Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Алешкина А.К., «Жыл мансабы» номинациясына-РСПП президенті А.Н.Шохинге табысталды.