Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Алғашқы Қазақстан-Грузия ортақ жобасын іске асыру жұмысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда

20.02.2006

«ТұранӘлем Банкі» АҚ қаржыландыратын алғашқы қазақстан-грузия ортақ қаржы жобасы келесі жылы аяқталуы мүмкін. «Иверия» қонақүйін жаңғырту жұмысы 2007 жылы жазда аяқталады деп жоспарлануда.

ТұранӘлем банкінің Грузиядағы стратегиялық серіктестері “Silk Road Group” және Rezidor SAS Hospitality компаниясы ортақ келісім-шартқа қол қойды. “Silk Road Group” компаниясының Директорлар Кеңесінің Төрағасы Георгий Рамишвили мен Rezidor SAS компаниясының Вице-президенті Арилд Ховланд мырза қонақүй бизнесінде табысты жұмыс жасап жатқан Rezidor SAS Hospitality компаниясы “Иверия” қонақүйін басқаратындығын келісім-шартқа қол қою арқылы растады.

“Иверия” қонақүйін жаңғырту жобасының нақты іске асуы мен алғашқы тасын қалау рәсімі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің 2005 жылы қазан айының 3 жұлдызында Грузияның Тбилиси қаласына жасаған сапары кезінде өткен. Михаил Саакашвили мен Нұрсұлтан Назарбаєв жиналған қауымға Республика Алаңын мен “Иверия” қонақүйін жаңғырту эскиздерін ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаєв Кавказ аумағы рыногына енген алғашқы компания «ТұранӘлем» банкі екендігін айта келіп, Грузия үкіметі Қазақстандық инвесторын, нақты айтар болсақ, ТұранӘлем банкін қолдайтындығына үміт білдірген еді.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 7,2 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 800 млн. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.

2005 жылы ТұранӘлем Банкі мен “Silk Road Group” Грузияда бірнеше бизнес-жобаларды дамытумен айналысатын казақстан-грузин консорциумын ұйымдастырды. Олардың ішіндегі ең ірілері: қазақстан-грузин банкі “BTA Silk Road Bank” және Республика Алаңы мен “Иверия”қонақүйлерін жаңғырту.