Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқармасының құрамына өзгерістер енгізілді

27.02.2006

«ТұранӘлем Банкі» АҚ директорлар Кеңесінің 2006 жылғы ақпанның 7-ші жұлдызындағы шешімімен Жолдыбаева Сәуле Мусинқызы «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның Басқарма Мүшесі – Бас экономисі болып тағайындалды.

Анықтама:

Жолдыбаева Сәуле 1962 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Ұлты-Қазақ.
Білімі жоғары. 1985 жылы С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің «қолданбалы математика» мамандығын үздік бітіріп, математик біліктілігін алады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1985 пен 1987 жылдар аралығында ҚазССР Мемлекеттікжоспары АСПУ ҒЗИ-да маман болып қызмет атқарады.
1987 мен 1991 жылдар аралығында Мәскеу қаласының КСРО ҒА-ның есептеу орталығының аспирантурасында оқиды.
1991 мен 1993 жылдар аралығында ҚазССР еңбек Министрлігінде бас маман болып қызмет жасады. Ал 1993 пен 1996 жылдар аралығында «Қазагробанк» ААҚ-ның валюталық басқарманың бастығы, 1996 мен 1998 жылдар аралығында «Халық Банк» ААҚ-ның директорының орынбасары, кейіннен Басқарма Төрағасының орынбасары қызметтерін атқарады.
1998 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Қазатомпром» ҰАК қаржы бойынша Вице-Президент қызметіне тағайындалады. 1998 жылы желтоқсан айынан Энергетика, индустрия және сауда-саттық Министрлігінің Вице-министр қызметіне ауысады.
2000 мен 2003 жылдар аралығында «Темірбанк» ААҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары, «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-да қаржы бойынша Вице-Президент, «ЦКТ Репутация» ЖШС Бас директор қызметтерін атқарады.
2004 жылы «ТұранӘлем Банк» АҚ-на Басқарма Төрағасының кеңесшісі қызметіне ауысады. 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін Директорлар Кеңесі Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарып келді.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 7,2 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 800 млн. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.