Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"ТұранӘлем Банкі" Аджип ҚКО компаниясымен ынтымақтастығын нығайтуда

13.03.2006

Банк басқармасының төрағасы Сәдуақас Мәмештегі бастаған банк делегациясы мен Аджип ҚКО компаниясының қаржы, салық және бақылау жөніндегі директоры Стефано Гоберти жетекшілік еткен консорциум делегациясы Солтүстік Каспий жобасын дамыту мәселелерін, сондай-ақ, қол жеткізген нәтижелер мен ынтымақтастықтың болашағын талдау мақсатында бас қосты.

Осы кездесудің қорытындылары бойынша 2006 жылғы мамыр айында Аджип ҚКО компаниясының мердігерлерін қаржыландыру жөніндегі форумды өткізу туралы шешім қабылданды.

Тараптар ТұранӘлем банкінің мамандары орнатқан Аджип ҚКО компаниясындағы Internet banking жүйесінің көмегімен қазынашылық операциялар көлемінің ұлғайғанын атап өтті. ТұранӘлем Банкінің тікелей кепілдіктерін қабылдау туралы уағдаласты.

ТұранӘлем Банкі бұрынырақта Аджип ҚКО компаниясының теңіз операцияларын қолдау базасы орналасқан Баутино кентінде есеп айырысу-кассалық бөлімшесін ашып, банкоматтарын орнатқан болатын. Енді жалақы жобасы табысты жүзеге асырылуда. Аджип ҚКО қызметкерлері үшін тұрғын үйге несие беру бағдарламасы жасалды.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 7,2 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жиынтық меншікті капиталы 800 млн. АҚШ долларынан (қаңтар айының аяғындағы жағдайға қарай) асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.
Аджип ҚКО (Аджип Қазақстан Каспиан Оперейтинг компани) ЕНИ компаниясының тобына кіреді және өз қызметін жеті халықаралық әріптестер (ЕНИ- Аджип Каспиан Си, ҚазМұнайГаз, Инпекс, ЭксонМобил, Филлипс Петролеум, Шелл, ТотальфинаЭльф) атынан жүзеге асырады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасымен қол қойылған Солтүстік Каспий өнімдерін бөлу туралы Келісім бойынша Каспий теңізінің қазақстандық секторында бағалау және барлау жұмыстарын орындайтын жалғыз оператор болып табылады.