Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ-на «Мінсіз» Ұлттық сапа белгісі берілді

16.03.2006

Кеше, 2006 жылы науырыздың 15 жұлдызында бүкіләлемдік «Тұтынушы күніне» орай Алматы қаласы Балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратында тұңғыш рет Ұлттық Тұтынушылар Лигасы тағайындаған «Мінсіз» Ұлттық сапа белгісімен марапаттау рәсімі өтті. Тәуелсіз сарапшылар алқасы «үлкен үштік» банктерінің арасында банктік бірлік сапасын талқылай келе, «ТұранӘлем Банкі» АҚ еліміздегі ең үздік банк деп танылды.

Қазақстан тұтынушылары тағайындаған жоғарғы құрмет белгісін банк атынан Басқарма Төрағасының орынбасары Болат Мергенғалиұлы Байміров қабылдап алып: «Біз талай рет халықаралық сыйлықтарды иеленгенбіз, дегенмен дәл осындай өз салымшыларымыздың құрметіне бөлену сеніміне ие болу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл Бізе және өнім өндірудегі қызметімізді бадан да сапалы жасау жауапкершілігін жүктейді»,-деді.

Қызмет жасап келе жатқан кезеңнен бері банк алғаш рет Тұтынушылар Лигасының марапатына ие болды. Жыл бойы зерттеулер жүргізілді, тұтынушылардан сауалнамалар алынды, банк қызметі рыногындағы жалпы жағдайлар зерделенді. Зерттеудің қорытындысы бойынша тұтынушылардың көп бөлігі нақты сенім білдіретін, қызметтері мен өнімдері қолайлы, қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде және кәсібилігі жөнінен Қазақстандағы банктердің арасындағы үздігі болып табылды.

2005 жылы ТұранӘлем Банкі, нарық бағамының 21,2 пайызын және салымдар сомасының 779 миллион АҚШ доллары баламасымен жеке тұлғаларға арналған жедел депозиттер бойынша көшбасшы болды. Наурыз Банк салымшыларының қарыздарын төлеу жобасы ТӘБ-ке сеніп тапсырылды. 2005 жылы желтоқсан айының 14 жұлдызынан бастап 900 миллион тенге сомасында салымдардың 85 пайызы төленді.

Қазақстан Тұтынушылар Ұлттық лигасының он екі жылдық жұмыс тәжірибесі марапаттың аясында жатыр, сондай-ақ, оның атағы, мемлекетпен, баспасөзбен байланысы, қол ұшын сұраған халықтың үндеуі, тиімді жұмыспен қамтамассыз ету және кез-келген келіспеушілік пен таластарға жедел назар аударып, шешімін табу секілді абыройлы істері бар.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 7,4 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 900 млн. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.

Қазақстанның тұтынушылар Лигасы 1995 жылы наурыз айында құрылды. Бүгінде Қазақстан, Тәжікістан, Өзбекістан, Қырғызстандағы тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысатын 107 ұйымдарды біріктіреді.Қазақстан тұтынушылар Лигасының басты міндеттері - әлеуметтік әділеттілікті орнату және рыноктағы тауарлар мен қызметтерге мәдени қатынасты қалыптастыру.