Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкі 2005 жылғы қызметінің қорытындысын шығарды

28.03.2006 / Баспасөз орталығы

Бүгін “ТұранӘлем” банкінің басшылары “МИР” Мемлекетаралық телерадиокомпаниясының студиясында қазақстандық және ресейлік журналистер үшін “Алматы – Мәскеу” телекөпірінде баспасөз конференциясын өткізді.

Басқарма Төрағасы Сәдуақас Мәмештегі өз сөзінде: “2005 жылдың басты нәтижесі банкке деген сенімді нығайту, ТӘБ-ке жаңа корпоративтік клиенттерді тарту, банктік бөлшек сауда рыногында оның позициясын бекіту болып табылды. Бұл бүкіл ұжым мүшелерінің еңбегі”, - деп атап өтті.

2005 жылы банктің барлық таза табысы 2004 жылдың 50,6 млн. АҚШ долларымен салыстырғанда 110 млн. АҚШ долларына, ал жиынтық активтері 7,447 млрд. АҚШ долларына, жиынтық меншікті капиталы 941 млн. АҚШ долларына (2006 жылғы 1 қаңтардағы халықаралық қаржылық есеп стандарттары бойынша) дейін өсті. 2006 жылы табысты 200 млн. АҚШ долларына дейін, ал активтерді 11-12 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. 2006 жылғы 20 наурызда бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттары бойынша активтері 8,042 млрд. АҚШ долларын, жиынтық меншікті капиталы 1,372 млрд. АҚШ долларын құрағанын айта кеткен жөн.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ акционріні жалпы жиналысымен 2005 жылғы 14 қазанда бекітілген корпоративтік басқару кодексі Директорлары кеңесі мен банк Басқармасының өкілеттіктерін анықтап бөлуге, айқындылық және операциялық тиімділік деңгейін көтеруге мүмкіндік берді. Оның ережелері қолданыстағы заңнамаға және халықаралық стандарттарға, корпоративтік мінез-құлық практикасына, капиталдар рыногындағы компаниялар қызметінің этикалық нормаларына сәйкес жасалды.

ТӘБ әртараптандырылған бизнесті жүргізу қағидасын ұстанады. Банк шағын және орта бизнеске белсенді қолдау көрсетеді, аграрлық сектор кәсіпорындарын, құрылыс саласы мен ипотекалық бағдарламаларды көтеруге көңіл бөледі, сондай-ақ қаржыландырылған ірі бизнес кәсіпорындарының санын ұлғайтады.

Жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері рыногында ТӘБ үлесі өткен қаржы жылы ішінде 21,2%-ға дейін өсті, ал портфелінің көлемі 167 млн. АҚШ долларын құрады.

2005 жылы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қаржыландыру жұмыстары Қазақстанның алыс аудандарында да басталды. Жалпы алғанда, ТұранӘлем банкінің несие саясаты 2005 жылы салымдардың жоғары әееде сенімді болуын қамтамасыз ету, несиелік тәуекелдіктерді азайту, несие портфелінің жоғары деңгейде әртараптандырылуы, қарыз алушылармен ұзақ мерзімді қаржылық қатынастар принциптеріне негізделді. ТұранӘлем банкінің шағын және орта бизнеске арналған несиелерінің портфелі бір жыл ішінде 152%-ға ұлғайып, 660 млн. АҚШ долларын құрады. Кәсіпкерлерді қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды. Оларға 1 248,3 млн. АҚШ долларына 34 мың несие берілді. Корпоративтік клиенттердің несие портфелі 57%-ға өсіп, 2005 жылғы 31 желтоқсанда 512 млрд. теңгені немесе 3,82 млрд. АҚШ долларын құрады.

Тұтынушылық несиелендіру бойынша портфель көлемі негізінен ипотекалық несиелендіру мен зәру мұқтаждықтарды несиелендіру есебінен өсті. ТӘБ тобы бойынша ипотекалық несиелер көлемі 2005 жыл үшін 409 млн. АҚШ долларын құрады. 2004 жылмен салыстырғанда өсу көлемі 60%-ды құрады. 2005 жылы банк төлем карточкаларын шығару көлемін 75%-ға ұлғайтты.

ТұранӘлем банкі ТМД елдерінде өзінің аумағын кеңейте отырып, 2005 жылы Ресейдегі, Украинадағы және Қытайдағы өкілдіктерінен басқа Беларусияда, Қырғызстанда, Грузияда, Тәжікстан мен Аменияда жаңа 5 өкілдігін ашты. Бірақ бұл кезең аяқталды, енді, банктің 2006 жылға жоспары - ішкі рыноктағы үлесін 25%-ға дейін ұлғайта отырып, өз позициясын нығайта түсу.

Қазақстандық банктердің ішінде алғашқы болып ТӘБ еурооблигацияларды құбылмалы мөлшерлемелермен 3 жылға 200 млн. АҚШ долларына, рубльдік еурооблигацияларды 4 жылдық айналыс мерзімімен 3 млрд. рубльге орналастырды. Банк өзінің инвесторлық базасын әртараптандыра отырып, синдикатталған несиелерді де белсенді түрде пайдаланды. Олардың ең ірісі - 777 млн. АҚШ доллары және тарту сәтіндегі ТМД-дағы ең ірісі болып табылады (2005 жылғы 20 қыркүйек).

Банк инвесторлық базасы мен халықаралық қаржыландыру өнімдерінің диапазонын кеңейте отырып, халықаралық рыноктағы өз позициясын нығайтып қана қоймай, халықаралық қаржыландырудың жаңа нысандары мен көздеріне жол ашты, қазақстандық қаржы жүйесінің дамушы елдер тобындағы ең дамығаны ретінде ілгерілеуіне ықпал етті.

ТӘБ үшін 2005 жыл “БТА Лизинг” компаниясының акционерлерінің құрамына жапондық ORIX копорациясы мен IFC халықаралық қаржы корпорациясының енуімен, «ЖЗҚ Құрмет» пен «ЖЗҚ Қазқстан» компанияларының қосылып, “БТА Қазақстан” зейнетақы қорының құрылуымен ерекшеленді. 2005 жылы ТӘБ тобы белгілі «Euromoney» британдық қаржы басылымының алғысына ие болды. Сарапшылар ТұранӘлем банкін «ТМД-ның үздік банкі», «Орта Азияның Үздік Банкі» атты номинацияларға, ал банктің еншілес компаниясы «ТұранӘлем Секьюритис» АҚ «Қазақстандағы үздік инвестициялық үй» атағына лайық деп шешті. «The Banker» журналы ТӘБ-ті Қазақстандағы «Жыл Банкі 2005» деп атады. Қазақстан қаржы биржасы ТӘБ-ті, жалғыз листингтік компанияны «алтын» дипломмен марапаттады.

ТұранӘлем банкі 2005 жылғы қызметінің қорытындысын шығардыТұранӘлем банкі 2005 жылғы қызметінің қорытындысын шығарды
ТұранӘлем банкі 2005 жылғы қызметінің қорытындысын шығардыТұранӘлем банкі 2005 жылғы қызметінің қорытындысын шығарды

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 8 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жиынтық меншікті капиталы 1,37 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.