Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Орталық Азияда алғаш рет Польшаның злотасымен мәміле жасалды

29.03.2006 / Баспасөз орталығы

ТӘБ инвесторлық базаны әртараптандыра, қаржы тартудың жаңа көзін тапты. Алғаш рет 5 жыл мерзімге, жылдық 6,3 пайызбен аймақта Польшаның злотасымен қарызға мәміле жасалды.

«Сомасы жарияланып, прайсинг бір жылдың көлемінде өтті»,- деді банк басқарма төрағасының орынбасары Роман Солодченко. «Инвесторлар бұл валютаға аса зор қызығушылық танытты. Тарту мөлшерлемесі ТӘБ-нің нақты уақыттағы кіріс көрсеткішінен төмен, бұл инвесторлардың банкке деген қызығушылығын тағы дәлелдей түседі».

Лид-менеджерлер ретінде Стандарт банк пен ТұранӘлем Секьюритиз қатысты.

Қағаздардың негізгі сатып алушылары активтерді басқарушы еуропалық компаниялармен, сондай-ақ, ел аумағынан тыс американдық қорлар және азиялық бөлшек сауда банктерімен ұсынылды. Келісімнің көлемі еуропа рыногында орналасқан польша злотасы мемлекеттік емес келісім үшін рекордты соманы құрады.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 8 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жиынтық меншікті капиталы 1,37 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.