Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақ киносының алтын қоры көрермендерге қайта оралуда

03.04.2006 / Баспасөз орталығы

Отандық көрермендерге қазақ киносының алтын қоры оралуда. «Қазақфильм» студиясының алтын қорындағы ескі 20 көркем фильмді қазіргі заманға сай жаңғырту және тиражын көбейту жұмыстары аяқталды. 2005 жылы жаңғыртылған алғашқы он киноның қатарына олардың саны да қосылды. «Хабар» арнасынан фильмдердің көрсетілімі 19 сәуірден басталады.

Бүгін, 3 сәуір «Цезарь» кинотеатрында жобаға қатысушылармен баспасөз-конференциясы өтті.

Қазақстанның кинемотографиясының мұраларын жаңғырту мен қайта орнына келтіру идеясы ұлттық сана құндылықтарын сақтау қажет болғандықтан туындады. Қазақстандық кинемотография саласындағы атақты туындылар КСРО Мемлекеттік фильм қорының Мәскеудегі мұрағатында сақталған. Ескі көшірмелердің барлығы жарамсыз болып қалған, оларды басқа бейнетаспаларға көшіруге немесе көрсетуге мүлдем болмайтын еді. Әрине, бұл идея республикадағы ірі ақпараттық агенстволар мен қаржы институттарынан қолдау тапты.

Баспасөз-конференцияға «Қазақфильм» киностудиясының басқарушылары, «Хабар» агенттігі және ТұранӘлем банкі, актриса Аянат Есмағанбетова, режиссерлер Өмірбаев Дәан, Сатыбалды Нарымбетов және кинооператор Әубәкір Сүлеевтер қатысады.


Жобаның 2-кезеңіндегі қалпына келтірілген фильмдердің тізімі:

  1. Ботакөз (16320)
  2. Балкон
  3. 6 жасар Алпамыс
  4. Гауһартас
  5. Тайны мадам Вонг
  6. Ине
  7. Қызжылаған
  8. Мәншүк туралы дастан
  9. Бейбарыс Сұлтан 1 сериясы
  10. Бейбарыс Сұлтан 2 сериясы
  11. Даладағы қуғын
  12. Әуесқойлар
  13. Жансебіл
  14. Көзімнің қарасы
  15. Женщина дня
  16. Балалық шақтың кермек дәмі
  17. Айналайын
  18. Заман-ай
  19. Құлагер
  20. Қауышу

Баспасөз-конференция аяқталғаннан кейін ЖОО кинемотография факультетінің студенттеріне арналып режисер К.Салықовтың «Балкон» атты кинофилімінің көрсетілімі болады.