Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Кәсіподақ комитетінің бақылауымен бағалы сыйлықтар ойнатылады

07.04.2006 / Баспасөз орталығы

Бүгін ТұранӘлем банкінің Теміртау филиалы ғимаратында «ТӘБ төлем карточкасы. Сізге керектінің бәрі» акциясының шеңберінде өткен ойнатылымның алғашқы кезеңінің жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұл акцияға кез-келген ТӘБ төлем карточкасын иеленуші қатыса алады.

«Мұндай ойнатылымдарды өткізіп тұру керек»,-деп санайды алғашқы жеңімпаздардың бірі Сергей Евгеньевич Шляпин. «Мен “МСТ” АҚ-ның доменді цехында 24 жыл бойы электрик қызметін атқарамын. Карточканы қолданғаныма шамамен бір жылдай болды, банктен менің жеңімпаз болғандығымды хабарлағанда қатты қуандым. Барлық туыстарым мен достарым қуанышымды бөлісуде».«Миттал Стил» қонақүйінде қызмет жасаушы жеңімпаз Наталья Анатольевна Захарова да қуанышын жасыра алмады “өте қуаныштымын, банк өз клиенттеріне осындай қамқорлық көрсетіп жатқандарына”.

Теміртау филиалының төлем карточкасын иеленушілер арасындағы бағалы сыйлықтар ойнатылымы бірнеше кезеңге бөлінеді, яғни, әр 4 ай сайын. Егер салымшы 2-3 төлем карточкасының иегері болса, әрқайсысы жеке-жеке ойнатылады. Каточкасының жарамды мерзімі аяқталса да жеңімпаз өз сйлығын міндетті түрде ала алады.

Сыйлықтар қорында: үй кинотеатры, микротолқынды пештер, телефондар, шаңсорғыштар бар. Жеңімпаздар электронды бағдарламалар арқылы белгіленеді. Арнайы банктің төрт өкілдіктерінен және үш төлем картасын иеленушілерден құрылған комиссияның бақылауы бойынша, сондай-ақ, кәсіподақ комитетінің мүшелерінің қатысуымен өтеді.Банк салықты төлеуге байланысты барлық міндеттерді өзіне жүктейді.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 8 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жиынтық меншікті капиталы 1,37 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.