Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Канадалық экспортты қаржыландыру несие желісі 2,4 есеге өсті

07.04.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем Банкі (ТӘБ) және экспортты дамыту Канадалық корпорациясы (Export Development Canada, EDC) өткен жылғы 25 миллион АҚШ доллары көлемінде несие желісін ашу туралы келісімге өзгертулер енгізу жөніндегі келісімге қол қойды. Жаңа келісімде канадалық тауарлар экспортын қаржыландыру желісінің көлемі Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінде 60 миллион АҚШ долларына дейін өсті.

«Клиенттердің сұранысы өсуде», - деп хабарлады, ТӘБ-тің халықаралық қатынастар және тауарды қаржыландыру басқарма бастығының орынбасары Тимур Сарыбаев. «Жаңа келісім қазақстандық компанияларға жеті жылдық мерзімге үш валютада жобаларды қаржыландыру және Қазақстанның Орта Азия рыногындағы орнын, басымдығын көрсетеді».

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 8 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жиынтық меншікті капиталы 1,37 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық ржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.

ТұранӘлем Банкі 7 банкпен – Ресей Федерациясында, Беларусия, Армения және Ресейдегі, Украина, Беларусия, Қырғызстан, Грузия, Тәжікістан, Армения және Қытай өкілдіктерімен стратегиялық әріптестікте.

Экспортты дамыту канадалық корпорация (EDC) әлемнің 200-ден аса мемлекетінен канадалық инвесторлар мен экспортерлердің туекелділік басқармасы жөнінен және қаржы-тауар қызметтері мен сервистерін ұсынады. 1944 жылы негізі қаланған, корольдық корпорація болып табылады және коммерциялық ұйым ретінде қызмет жасайды.