Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстандық банктер арасындағы «Үлкен үштікте» Қаржы нарығын бақылау агенттігімен ашық қызметі туралы алғашқы екіжақты меморандумға қол қойылды

10.04.2006 / Баспасөз орталығы

27 наурыз 2006 жылыТұранӘлем банкі мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі ««ТұранӘлем Банкі» АҚ-мен әріптестік және ашық қызметін арттыру жөніндегі сұрақты бірлесе шешу» туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою мақсатын агенттіктің Төрағасы А.Дунаев пен директорлар Кеңесінің төрағасы М.Әблязов банк жүйесіне деген қоғамның көзқарасын оңтайландыру және заң нормаларына сәйкес деп түсіндірді.

ТұранӘлем Банкі меморандумға сәйкес банк иелері туралы ақпаратты жариялауға-ірі иелер, ұйымның тізімі, банктің бақылауындағы қызметтер, акционерлер, директорлар Кеңесі құрамындағы тәуелсіз директорлар, алдағы 5 жылдағы бизнестің стратегиялық дамуын және банк қызметінің оң бағытын өзіне міндет ретінде жүктейді.

Қол қойылған акт негізінде банк инвесторлар мен клиенттерді және өзге де қызығушылық танытқан тұлғаларды ақпараттармен қамтамассыз етуге және жедел ақпарат жеткізуге міндетті. Жарғы мәтіндері және өзгерістер енгізілген жағдайда, эмиссия проспектілері, аудиторлық қорытындылар, акционерлер тарапынан енген өзгерістер, акционерлердің жалпы жиналысы және банктің директорлар Кеңесінің қабылдаған шешімдері банктің Интернеттегі веб-сайтында жарияланады.Меморандумды екі жақтың шешімімен кез-келген уақытта бұзуға болады.

Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі мемлекеттін қарамағында және тікелей Қазақстан Республикасы Президентіне тәуелді. Басты міндеті: жалпы қаржы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру және қолдау, қаржы тұрақтылығын қадағалау, қаржы қызметінің тұтынушыларын қорғау және қаржы ұйымдары қызметтеріне теңқұқылы жағдай жасау, қаржы рыногында әділетті бәсекелесті қолдайды.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 8 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жиынтық меншікті капиталы 1,37 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.