Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкі 250 миллион АҚШ долларына еурооблигацияларды орналастырды

13.04.2006 / Баспасөз орталығы

Кеше ТұранӘлем Банкі 250 млн.АҚШ долларына еурооблигацияларды 7 жыл мерзімге орналастырды. Купон мөлшерлемесі жылдық 7,75 пайызды құрады. АҚШ-тың онжылдық қазынашылық облигацияларына спред 307 базисті пункті құрады. Тапсырыстар кітабы келісімнің соңғы сомасынан 2 есеге өсті.

Шығарылымның ұйымдастырушылары - JP Morgan Bank және ING Bank. Облигацияларды шығару EMTN бағдарламасы (Euro Medium Term Notes Program – ортажедел облигациялар бағдарламасы) аясында жүзеге асты.

«Рыноктың күрделі тәртібіне қарамай, орналастырым сәтті өтті», - деп хабарлады банк Басқарма Төрағасының орынбасары Роман Солодченко. «ТұранӘлем Банкі инвесторлық базасын үнемі кеңейтуде және жыл басында ресей, польша, америка валюталарында еурооблигацияларды орналастырғаннан кейін, енді АҚШ долларынан жоғары ашық орналастырымдарды жоспарламайды».

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 8 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жиынтық меншікті капиталы 1,37 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемн ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.