Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Алтын Тұран» жаңа мәртебесі журналистерге табыс етілді

13.04.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем банкі Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Тәтішев Еркін «Алтын Жұлдыз» марапаттау рәсімінде Ержан Тәтішев атындағы «Алтын Тұран» жаңа мәртебесін «экономика тақырыбына үздік қалам тербегені үшін» журналистерге табыс етті. Барс бейнесіндегі алтын мүсін “Эксперт Казахстан” журналының бас редакторы Андрей Скиркаға тапсырылды.

Сыйлықты ТұранӘлем банкі мен Қазақстан журналистер Академиясы тағайындады және Қазақстандағы үздік қаржыгер, ТұранӘлем банкінің негізін қалаушы Ержан Тәтішевтің есімі берілді.

«Кәсібилік пен адамгершілік менің ағамның өмірлік басты қағидалары болды», - деді өз сөзінде Еркін Тәтішев. Ол журналистерге табыс тілей отырып, келесі жылы студенттерге банктің арнайы гранттары табыс етілетіндігін хабарлады.

«Алтын Жұлдыз» және «Алтын Самұрық» жоғарғы жалпыұлттық сыйлығын табыс ету марапаттау рәсімі 1996 жылдан бері қарай жыл сайын өтуде. Қазақстан журнали стер академиясы (ҚЖА), академия мүшелерінің, журналистік ұйымдар және республикадағы жетекші БАҚ-ның басын қосатын қоғамдық коммерциялық емес ұйым болып табылады.