Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Балғын балдырғандардың жүрегіне жылу сыйлайық!

13.04.2006 / Баспасөз орталығы

2006 жылы сәуір айының 11-ші жұлдызында Алматы қаласындағы №1 Балалар үйінде “ТұранӘлем” банкінің демеушілік көрсетуімен қайырымдылық шарасы өтті.

Бұл үйді - ата – ананың ыстық алақанын, жылуын көрмеген балалар мекендейді. Мұндағы балаларға көңіл көтеру, қыдыру, өзгелермен қатынас орнату секілді балалық шақтың қызықтары жетіспейді. Кішкентай бүлдіршіндердің кеуделеріне кішкене де болсын сауле отын тұтатып, көңілдерін көтеру мақсатымен балалар үйінде қайырымдылық шара өткізу туралы шешім қабылданды. Балалар үйінде 3 пен 17 жас аралығындағы 215 бала бар.

Жұлдыздардың қатысуымен өткен акция бір күнге созылды. Бұл шараға Олимпияда ойындарының жеңімпазы Магомед Куруглиев, белгілі қазақстандық дизайнер Балнұр Асанова, жас әнші Ксения қатысты. Мерекелік шараның барысында олимпияда жеңімпазы Магомед балаларға күрестің негізімен таныстыру шеберлік-классын өткізді, осы уақытта, басқа бөлмеде дизайнер Балнұр да шеберлік-классын өткізіп жатты. Сабақ барысында балалар бояуларды қалай дұрыс таңдай білуді үйренді, тіпті өздері үйлерінің дәлізінен орын алатын үлкен суретті салды.

бақтан кейін ойын-сауық бағдарлама ұйымдастырылды. Алғашқы сөз осы шараға демеушілік көрсетіп жатқан ТұранӘлем банкі Басқарма Төрағасының орынбасары Генриг Иванович Холодзинскийге берілді. Генриг Иванович балалармен балалық шағынан бастап, банк қызметкері болған кезеңіне дейінгі қызықты саттерімен бөлісті:
" - Әрбір адамның тағдыры өз қолында, ең бастысы, жақсы оқу және алдыңа мақсат қоя білу, сол мақсатқа жетуге ұмтылу, сол кезде ғана атақты спортсмен, дизайнер, банкир бола аласыңдар", - деді.

ТұранӘлем банкі атынан барлық балаларға сыйлықтар үлестірілді. Сондай-ақ, Генриг Иванович балалар үйіне қазақстандық киноның Алтын қордағы фильмдерінің бейне таспаларын, DVD дискілерін табыс етті.

Жас ұрпақ үшін бұл кинолардың берер тәрбиесі, үлгі-өнегесі зор, тарихи “бейне оқулық” бола алады. Сөз соңынан әнші Ксения өзінің лирикалық әндерімен бүлдіршіндердің көңілін аулады. Сондай-ақ, балалар да өз өнерлерін көрсетіп жатты. Біреусі би билесе, енді біреусі ән айтып жиналған қауымға таңдай қақтырды.

Балаларға шаттық пен қуаныш сыйлау - бұл кез-келген адм баласының парызы. Сондқтан бүлдіршіндердің жүрегіне жылулық сыйлайтын мұндай шаралар әлі де жалғасын табатындығына сенеміз.