Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкінің Қазақстан рыногында шағын және орта бизнесті несиелендірудегі Республикалық конференциядағы бәсекелестік шешімдері

26.04.2006 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ «Қазақстандағы профильдік емес активті ірі компаниялардың шағын және орта бизнес кәсіпкерлігіне қатысуы және дамыту» атты Республикалық конференцияға қатысты. ТұранӘлем банкі шағын және орта бизнесті несиелендіруде қаржыландырудың бірнеше жаңа сұлбасын жасап шықты. Бұл бағдарлама арнайы Қазақстанның Орталық аймағына арналған. Сондай-ақ, аймақтағы ірі өндірістік кәсіпорындары үшін мердігер ретінде қатыса алатын компаниялар және әлеуметтік саладағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Жасалынған қаржылық сұлбаның екінші деңгейдегі банктер несиелерінен ерекшелігі - ең төменгі пайыздық мөлшерлемелігі болып табылады және «Миттал Стил Темиртау» АҚ мердігерлері бизнесінің бастамасын сондай-ақ, толық қамтамассыз етілмеген бизнесті қаржыландыру мүмкіндігі.

Шағын және орта бизнесті қаржыландырудан өзге, бұл бағдарлама аймақта импорттың орнын басуды дамытады. Жоба Испат Кармет СМЕ Ресорс компаниясымен тығыз әріптестікте жасалды.

Конференцияның ұйымдастырушысы «Атамекен» Қазақстан жұмысберуші және кәсіпкерлердің жалпыұлттық одағы болып табылады. Конференцияның жұмысына ҚР Индустрия және сауда вице-министрі А.Есекешев мырза, Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Зайруллаұлы Нығматуллин, «Миттал Стил Темиртау» АҚ-ның бас директоры Навал Кишоре Чоудхари және шағын және орта бизнестің 150 өкілдіктері қатысты.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 8,4 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жиынтық меншікті капиталы 1,37 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.

«Испат Кармет СМЕ Ресорс» ЖШС 2002 жылы 15 наурызда ҚР Презиентінің шешімімен ҚР шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдіктер арқылы қаржыландыру мақсатында құрылған. СМЕ-нің қарыз алушыларының басым бөлігі ҚР аумағындағы шағын және орта бизнес өкілдері болып табылады, басым бағыты импорттың орнын басу бағдарламасының аясында «Миттал Стил Темиртау» АҚ үшін қызмет ұсынушы және тауар өндіруші Қарағанды мен Теміртау қалалары.