Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем» банкі Олжас Сүлейменов кітабының украин тілінде жарыққа шығуына демеушілік көрсетті

26.04.2006 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем» Банкі қазақстандық белгілі жазушы, мемлекет қайраткері Олжас Сүлейменовтің тағы бір туындысының жарыққа шығуына демеушілік көрсетті. Кітаптің украин тілінде жарыққа шығуын Украинадағы және Молдовадағы Қазақстанның елшілігі автордың 70 жылдығы қарсаңына орайластырып, жүзеге асырды.

«Язык письма» кітабының тұсаукесері Украинадағы жазушылар Үйінде өтті. Мерекелік шараға шығармашылық интеллигенция, мемлекеттік және қоғамдық кеңселердің, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Банктің атқарушы директоры Жәмиля Сәрсембаева жаңа еңбектің тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде - «2002 жылы «ТұранӘлем Банкі» қазақстандық қаржылық сектордың Украинамен серіктестікке дайын екендігін көрсете отырып, Киевте өз өкілдігін ашқан алғашқылардың бірі болды. Олжас Сүлейменовтің «Язык письма» туындысының украин тілінде жарыққа шығуы арқылы біз екі мемлекеттің арасындағы іскер байланыстың дамуына ғана әсер етпейтіндігімізді, сондай-ақ, Украина рыногында клиенттерімізге банктің сапалы қызметін ұсынатындығымызды дәлелдедік» - деді.

Сөз соңында ТұранӘлем банкі өкілі жазушыға банктің Visa Gold халықаралық төлем карточкасын сыйға ұсынды.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 8,4 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жиынтық меншікті капиталы 1,37 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.

2005-2006 жылы «ТұранӘлем» банкі ресей-қазақстан-қытай мұнай Форумында, «Концерты на Родине» арт-жобасында, Құрманғазы атындағы халықаралық мәдени орталықтың ашылуында, «алтын қордағы» қазақ киноларының отандық көрермендерге оралу акциясына, сондай-ақ, өзге де қайырымдылық акцияларда демеушілік көрсетті.