Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық отырысы болып өтті

28.04.2006 / Баспасөз орталығы

2006 жылы сәуір айының 28-ші жұлдызында «ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы отырысы өтті. Отырыста банктің 2005 жылғы жылдық жоспары талқыланды және алдағы жылдың басты бағыттарының дамуын анықтады. Жиналыста банк қызметінің қаржылық қорытындысын қанағаттандырды, яғни 2005 жылғы аудит қорытындысы, жылдық есепті бекіту, жылдық бухгальтерлік есеп, табыстар мен шығыстар туралы есептердің қорытындысы.

Жылдың қорытындысы бойынша акционерлердің жалпы жылдық отырысында мынадай шешімдер қабылданды: жай акциялар бойынша дивиденттерді – төлемеу және дивиденттер төлемінен қалған артықшылықты акциялар бойынша табыстарды – капиталдау.

Банк директорлар Кеңесінің жаңа мүшесі К.А.Колпаков сайланды, ол 2005 жылдың 21 шілде айынан «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқаратын.

Мәжіліс барлық заңдылықтарды сақтай отырып, қалыпты жағдайда өтті.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрудың көшбасшысы. ТӘБ активтері 8,4 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жиынтық меншікті капиталы 1,37 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.