Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

31.05.2006
Қазақстанда алғашқы әлемдік деңгейдегі оркестр «Қазақстанның ТұранӘлем филармониялық оркестрі» құрылды
Бүгін Опера және Балет Театрының камерлі залында ортақ бренд туралы алғаш қазақстанда коммерциялық банк пен Қоғамдық қор арасында келісім жасалды. Келісімнің мақсаты - Қазақстанның «ТұранӘлемі» филармониялық оркестрін құру.

29.05.2006
ТұранӘлем банкі Қазақстан Республикасы нейрохирургиялық орталығына соңғы үлгідегі сымсыз ноутбукті сыйға тартты
ҚРНО орталығының басшысы, профессор Ақшолақов Серік Қуандықұлы орталықтың жұмысына қажетті ноутбукты алу үшін ТӘБ-ке қол ұшын беруде көмек сұрап келді. Жыл сайын орталық ғылыми-тәжірибелік конференциялар және жиналыстар ұйымдастырып тұрады. Күн сайын ауыр жаралы пациенттерге клиникалық тексеріс жүргізеді, мамандарды консилиумға жинайды. ҚРНО халықаралық симпозиумдар мен конференцияларға жиі қатысады.

16.05.2006
"Грузияның бірлескен телекоммуникациялық компаниясы" АҚ-ның акциясын иелену
Қазақстандық «ТұранӘлем» банкі Black Sea Telecom Holding B.V. (бұрынғы атауы «Route D'Esch Property II B.V.») компаниясымен 12 мамырда өткен аукционда «Грузияның бірлескен телекоммуникациялық компаниясы» АҚ–ның мемлекеттік пакетінің 90,65 пайыз акцияларын 90 млн.АҚШ долларына несиеге алды.

11.05.2006
"Үміттердің жануы" фестивалінің идеясын қолдау
"ТұранӘлем" Банкі “Үміттердің жануы” атты V фестваліне демеуші болды. “Үміттердің жануы” фестивалінің 2006 жылғы бағдарламасына балалар көркемсурет көрмесі және «Камерата Қазақстан» ансамбілінің концерті енеді. Концертте республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінің және музыка мектептерінің дарынды оқушылары өнер көрсетеді. Фестивальді ұйымдастырушы – «Нұрсұлтан Назарбаевтің білім беру қоғамдық қоры». Акция «Қазақконцерт» залында 13 мамыр күні жас таланттарды және фестивальдің лауеаттарын марапаттаумен аяқталады.

11.05.2006
Қазақстандық топ «А-СТУДИЯ» Аджарияда өнер көрсетті
«ТұранӘлем» банкі қазақстандық «А-СТУДИЯ» тобының Батуми орталық стадионында өнер көрсетуіне демеушілік көрсетті. Концерт Аджария Автономиялық Республикасында өткен революцяның бір жылдығына арналды. Стадион алаңы 15 мың көрерменге толды. Сондай-ақ, концертті Аджария мен Грузияның интелегенциялары мен үкімет адамдары тамашалады.