Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"Үміттердің жануы" фестивалінің идеясын қолдау

11.05.2006 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем» Банкі “Үміттердің жануы” атты V фестваліне демеуші болды.

“Үміттердің жануы” фестивалінің 2006 жылғы бағдарламасына балалар көркемсурет көрмесі және «Камерата Қазақстан» ансамбілінің концерті енеді. Концертте республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінің және музыка мектептерінің дарынды оқушылары өнер көрсетеді. Фестивальді ұйымдастырушы – «Нұрсұлтан Назарбаевтің білім беру қоғамдық қоры». Акция «Қазақконцерт» залында 13 мамыр күні жас таланттарды және фестивальдің лауеаттарын марапаттаумен аяқталады.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 1,5 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің дам стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді. ТӘБ-тің шетелдік өкілдіктері Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Украина, Армения, Тәжікістан, Грузия, Қытайды қамтыған.
2005-2006 жылдары «ТұранӘлем» банкі ресей-қытай-қазақстан мұнай ісі Форумында, Құрманғазы атындағы халықаралық мәдени орталықтың ашылуында, «Концерты на Родине» арт-жобасында, отандық көрермендерге қазақ киносының «алтын қорының» оралуында, Олжас Сүлейменов кітабынің украин тілінде жарыққа шығуына, «А-Студио» тобының Аджарияда өнер көрсетуіне, сондай-ақ бірнеше қайырымдылық акцияларда демеушілік көрсетті.