Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстандық топ «А-СТУДИЯ» Аджарияда өнер көрсетті

11.05.2006 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем» банкі қазақстандық «А-СТУДИЯ» тобының Батуми орталық стадионында өнер көрсетуіне демеушілік көрсетті. Концерт Аджария Автономиялық Республикасында өткен революцяның бір жылдығына арналды. Стадион алаңы 15 мың көрерменге толды. Сондай-ақ, концертті Аджария мен Грузияның интелегенциялары мен үкімет адамдары тамашалады.
“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 1,5 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді. ТӘБ-тің шетелдік өкілдіктері Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Грузия, Қытайды қамтыған.

2005-2006 жылдары «ТұранӘлем» банкі ресей-қытай-қазақстан мұнай ісі Форумында, Құрманғазы атындағы халықаралық мәдени орталықтың ашылуында, «Концерты на Родине» арт-жобасында, отандық көрермендерге қазақ киносының «алтын қорының» оралуында, Олжас Сүлейменов кітабынің украин тілінде жарыққа шығуына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық акцияларында демеушілік көрсетті.