Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"Грузияның бірлескен телекоммуникациялық компаниясы" АҚ-ның акциясын иелену

16.05.2006 / Баспасөз орталығы

Қазақстандық «ТұранӘлем» банкі Black Sea Telecom Holding B.V. (бұрынғы атауы «Route D'Esch Property II B.V.») компаниясымен 12 мамырда өткен аукционда «Грузияның бірлескен телекоммуникациялық компаниясы» АҚ–ның мемлекеттік пакетінің 90,65 пайыз акцияларын 90 млн.АҚШ долларына несиеге алды.

Аукционның шарттарына сәйкес қарыз алушы-компания акциялар пакеті бағасының 50 пайызын бір ай көлемінде төлейді. Ал қалған соманы келісім шарт жасалғаннан кейін үш ай көлемінде аударуы қажет. Инвестордың міндеті - үш жыл көлемінде компанияның кәсіби шеберлігін сақтау және сол аймақтағы тұтынушыларына қызмет көрсету.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 1,5 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшлар қтарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.
«Грузияның бірлескен телекоммуникациялық компаниясы» АҚ мемлекеттік пакеті акцияларының Грузия рыногы иелігіндегі үлесі 17,8 пайызды құрайды. Оператордың қызметін 350 мың жеке және заңды тұлғалар қолданады. Мемлекет оператордың акция пакеттерін сатылымға салмай тұрып 90,65 пайызын иеленген болатын, ал қалғаны компанияның қызметкерлеріне тиесілі еді.