Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкі Қазақстан Республикасы нейрохирургиялық орталығына соңғы үлгідегі сымсыз ноутбукті сыйға тартты

29.05.2006 / Баспасөз орталығы

ҚРНО орталығының басшысы, профессор Ақшолақов Серік Қуандықұлы орталықтың жұмысына қажетті ноутбукты алу үшін ТӘБ-ке қол ұшын беруде көмек сұрап келді. Жыл сайын орталық ғылыми-тәжірибелік конференциялар және жиналыстар ұйымдастырып тұрады. Күн сайын ауыр жаралы пациенттерге клиникалық тексеріс жүргізеді, мамандарды консилиумға жинайды. ҚРНО халықаралық симпозиумдар мен конференцияларға жиі қатысады.

  • Ноутбук бізге операция және реанимация бөліміне диагностика жүргізу үшін өте қажетті құрал, - дейді орталықтың басшысы Серік Ақшолақов.

Банктің басшылығы Қазақстанның нейрохирургиялық орталығына ноутбук алу үшін көмек көрсетуді ұйғарды. Техниканы табыс ету рәсімінде ТұранӘлем банкінің Директорлар Кеңесінің мүшесі Ерлан Тәтішев былай деді:

  • Сіздердің қызметтеріңізге осы ноутбуктың пайдасы тиіп, игіліктеріңізге пайдаланарсыздар деген үміттемін. Әрине ешкім орталықтың қызметіне жүгінбей-ақ қоюларын, яғни халқымыздың амандығын тілеймін.

Орталықтың басшысы ТӘБ-ке көмек қолын созғандығы үшін рахметін айтып, өз тарапынан:

  • Банктің қызметі тек қаржы саласын дамытуда ғана емес, сондай-ақ, бүкіл қазақстандықтардың әлеуметтік өмірлерін жақсартуда да ерекше орын алуда, - деді.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ - әлеуметтік-жауапкер компания. Банктің белсенділігі қайырымдылық шаралардан да жиі көрініп жүр. Банк қазақстандықтардың денсаулығына немқұрайды қарамайды, әсіресе, балалардың өміріне, еліміздің моральды және рухани дамуына аса зор мән береді. ТӘБ-тің мақсаты – Қазақстанның болашағына инвестиция құю.

Жыл сайын банк онкологиялық аурумен ауыратын және «Ұрпақ» Ұлттық балалар реабитациялық орталығында ем қабылдап жатқан балаларға, сондай-ақ, ата-анасының жылуынан айырылған жетім балаларға көмек көрсетеді. 2005-2006 жылдары ТӘБ ресей-қытай-қазақстан мұнай Форумына демеушілік көрсетті, Құрманғазы атындағы халықаралық мәдени орталықтың ашылуына қатысты, арт-жоба «Отандағы концерттер», отандық көрермендерге «алтын қордағы» қазақ киносының оралуы акциясына, Олжас Сүлейменовтің кітабінің украин тілінде жарыққа шығуына, «А-Студио» тобының Аджарияда өткен концертіне және т.б. көптеген қайырымдылық акцияларға демеушілік көрсетті.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9,2 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 1,5 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді. ТӘБ Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Украина, Армения, Тәжікістан, Грузия, Қытайда өз өкілдіктерін иеленеді.