Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстанда алғашқы әлемдік деңгейдегі оркестр «Қазақстанның ТұранӘлем филармониялық оркестрі» құрылды

31.05.2006 / Баспасөз орталығы

Бүгін Опера және Балет Театрының камерлі залында ортақ бренд туралы алғаш қазақстанда коммерциялық банк пен Қоғамдық қор арасында келісім жасалды. Келісімнің мақсаты - Қазақстанның «ТұранӘлемі» филармониялық оркестрін құру.

Келісім жасалғаннан кейін журналистерге арнап өткізілген брифингте М.Бисенғалиев қоры мен банк арасындағы екіжақты әріптестік туралы айтылды. Жасалынған келісім екіжақты ортақ мақсатты көздейді – «қазақстандық өнерді насихаттау». Банк Қорға жыл сайын 5 жыл мерзімге филармониялық оркестрді дамыту үшін 450 мың АҚШ доллары көлемінде грант береді.
ТұранӘлем банкінің демеушілік көмегі туралы келісім 5 жыл мерзімге жасалды. Жалпы сома – 2,25 миллион АҚШ долларын құрады.

Музыканттары және орындаушыларымен әлемдік деңгейде симфоникалық оркестрді құру, оның мүмкіндіктерін ұлғайтады. Оркестрдің Қазақстанның мәдениетін әлемдік аренада танылуында пайдасы зор. Республиканың классикалық әуендері әлемдік стандарттарға сәйкес жасалуына септігін тигізіп, ТӘБ-тің тиімді инвестжобасы болады деп күтілуде.

«Өнерге демеушілік көрсету – барлық халыққа ортақ, түсінікті әмбебеп тілді жасау. Осы мақсатпен 2005 жылы ТұранӘлем банкі әлемге әйгілі отандастарымыздың “Отандағы концерттер” идеясын қолдап, демеушілік көрсеткен болатын», - деді банк Басқарма төрағасының орынбасары Генриг Холодзинский. «Концерттер Алматы мен Астана қалаларында өтіп, көпшіліктің жүрегіне жол тапты. Концертке демеушілік көрсету біз үшін жақсы жарнама болды. Әлде де Марат Бисенғалиев және жаңа қазақстандық “ТұранӘлемі” филармониялық оркестрі халқымыздың музыкалық дәстүрін әлемге өз деңгейінде жеткізер деген үміттемін. Біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанды бүкіл әлемге таныту».

Келісім жасалған кезде М.Бисенғалиевтің «Тілеп» атты үн таспасының 2006 жылы сәуірдің 17 жұлдызында Лондонның әйгілі Альберт холында өткен тұсаукесер сәтінің бейне-жазбасы көрсетілді.

Марат Бисенғалиев – қазіргі күнгі әйгілі скрипкашы, 1962 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Көптеген халықаралық конкурстардың жеңімпазы, 9 жасынан өнер сахнасында майталман атанып жүр.
Алғашқы табысы атақты “Naxos”, “Marco Polo” фирмаларымен жасалған ұзақ мерзімді келісім - шарттар болды. Ол алғаш әлемдік сахнада өнер көрсетуі Англияда Лондон Симфоникалық оркестрімен Барбикон Холда (1991 жылы, Лондонда) өтті. Осының артынша Англияда, АҚШ-та, Гонконгта, Австралияда концерттік өмір жалғасын тапты. Оның үнтаспалары әлемдік классикалық музыка чарттарында жеңімпаз болуда. CD «Wieniawski» үнтаспасы әлемдік ондықтың сатысында Менухин, Цукерман, Венгер, Циммермандармен қатар тұр. Қазақстанның мәдениетін жаңғыртуда ерекше көрініс берген оркестрдің CD “From the steppes to the city” үнтаспасы. Марат Бисенғалиев атындағы Мәдени Қоғамдық Қор 2002 жылы құрылған.

Марат Бисенғалиев – «Тілеп» атты жобаның жетекшісі және идеясының авторы. Шығарма желісі қазақстандық филантроп Сапар Ысқақовтың қазіргі сұранысы жоғары композитор Карл Дженкинсонға тапсырыс берілді. Шығарма SONY BMG компаниясында жазылып, көктемде жарыққа шықты. Сәуір айында Лондонның Royal Albert Hall залында тұсаукесері өтті. «Тілеп» үнтаспасының Қазақстандағы тұсаукесері 6 шілде күні Астанада өткізіледі деп жоспарлануда.
«Тілеп» орындаушылары - финдік вокалды топ «Адиемус», Лондондық патшалық оркестрі, соло саксофон - Найджэл Хитчкок, соло вокал – Арухан Бисенғалиева.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9,2 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 1,5 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.