Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ банк бизнесінде екінші рет халықаралық сыйлықтың лауреаты болды

02.06.2006 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ банк бизнесі бойынша марапатқа ие болды. Алтын мүсінше мен “Халықаралық жобаларда белсенді қатысқаны үшін” деген номинацияда Gold Дипломы банктің Ресейдегі Бас өкіліне табыс етілді.

«Бұл сыйды ұйымдастырушылардың басты мақсаты - ресей банк жүйесіне деген сенімділікті арттыру, корпоративті мәдениетті ұлғайту, банк бизнесінде әлеуметтік жауапкершілік деңгейін және жетекші банк технологиясын дамыту. Қазақстандық ТұранӘлем банкінің осындай қаржы институты мәртебесіне ие болғандығына ризамыз» - деді, банктің Ресейдегі өкілдігінің басшысы Жанна Әлібаева. Сондай-ақ, қаржыгер-әріптестері мен банкирлерге сәттілік тілеп, халықаралық экономикалық бәсекелестікте елімізге көмек көрсетуді өтінді.

Жыл сайынғы өтетін «Банк ісі» халықаралық банк сыйлығымен марапаттау рәсімі 2 маусым күні Мәскеуде өтті.

Жыл сайынғы халықаралық сыйлық Ресейдің Ұлттық банк Академиясының, «Банк ісі» жорналы, Еуропаның экономикалық сауда, коммерция және өнеркәсіп палатасының қолдауымен Информбанк Агенствасы ұйғарымы бойынша тағайыдалған.

2005 жылы ТұранӘлем банкі банк бизнесі саласы бойынша екі марапатқа ие болды. Банктің Ресейдегі өкілдігінің басшылығына «банк қызметтеріне жаңа жүйелерді енгізгені үшін» және «халықаралық жобаларға белсенді қатысқандығы үшін» деген номинацияда Дипломдар мен күміс және алтын мүсіншелер табыс етілді.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9,2 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 1,5 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.