Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкі тұрғындардың жедел шотында 1 млрд. АҚШ долларды орналастырған Қазақстандағы алғашқы банк болды

05.06.2006 / Баспасөз орталығы

Қазақстандықтар ТұранӘлем банкке деген сенімдерін дәлелдеді. ТӘБ жеке тұлғаның шотында 1 млрд. АҚШ доллары орналастырылған Қазақстандағы алғашқы банк болды.

Осы шараға байланысты өткізілген брифингте ТӘБ Басқарма Төрағасының орынбасары Болат Байміров: “ТӘБ өзінің міндеттемесін банк бөлшек сауда рыногында мықтап бекітті. Жеке тұлғалы – клиенттер жедел депозитке 1 млрд. АҚШ долларын орналастырды. Тұрғындардың бізге деген сенімдері – бұл банк қызметкерлерінің еңбектерінің жемісі”, - деді.

Жеке тұлғалар жедел депозитіндегі ТӘБ-тің рыноктағы үлесі өткен қаржы жылында 21,2 пайызға өсті. Портфельдің өсуі бір жылда 167 млн. АҚШ долларын құрады.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9,2 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің жинақталған меншікті капиталы 1,5 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.