Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкі тәуекелділікті азайтатын қаржы құралдарын дамытуды қолдайды

06.06.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем банкі екінші жыл қатарынан жыл сайын өтетін «Central Asia Trade & Export Finance Forum» халықаралық конференциясын қаржыландырды.

2006 жылғы конференцияға қатысушылардың талқылаған тақырыптары Орталық Азиядағы сауда қаржыландыру мәселелері: жетістіктері мен дамуы, инвестициялауда саяси және өзге де тәуекелділіктер, ТМД-дағы экспертті-кредитті агенттіктерді қолдау, тауарлық қаржыландыру және даму тенденциясы, тауарлы қаржыландыруда заңды аспектілер, инвестиция және несиені сақтандыру саласында мемлекеттік сақтандыру корпорациясының қызметі.

«ТұранӘлем банкі тәуекелді азайтатын қаржы инструменттерін дамытуды қолдайды. Біз конференцияны ұйымдастырушылардың көздеген мақсаттарын қолдаймыз. Қаржы рыногына және саудалық қаржыландыру рыногына қатысушылардың санының көбеюі және дамуы, тәжірибе және ақпаратпен алмасу, жаңа әріптестер мен клиенттер табысты қызмет үшін тиімді», - деді, Басқарма төрағасының орынбасары Роман Солодченко.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9,2 млрд. АҚШ долларынан, ал банктің инақталған меншікті капиталы 1,5 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.