Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

1 маусым Қазақстанның қалалары мен ауылдарында «Бақытты сәби» жобасы жүзеге асты

06.06.2006 / Баспасөз орталығы

Маусымның 1-ші жұлдызында ТұранӘлем банкі қоғамдық ұйымдар мен үкіметтің бірлескен жобасын ықпалын білдіре отырып іске асырды. Аналарды сәбилерімен бірге құттықтау мақсатымен босану үйлерін аралап, рейд жүргізді.

Алматыдағы 1-ші, 2-ші және 5-ші босану үйлеріндегі аналар мен сәбилерге гүл шоқтары мен сертификаттар үлестірді. 1 маусым балаларды қорғау күні дүниеге келген барлық сәбилерді және оларды өмірге алып келген аналарын банк құттықтай отырып, «Бүлдіршін» атты алғашқы жарнасымен депозит ашып, сыйға тартты.

Жыл бойы үрдіске айналып келе жатқандай Ақтөбе қаласындағы ТӘБ филиалы да «Үміт» балалар үйіне, мүгедек және жетім балаларға да қол ұшын созып, мерекелік сыйлық таратты. Ал босанатын үйлерде дүниеге жаңа келген сәбилерге арнап «Бүлдіршін» депозитіне жарна салынды.

ТӘБ Жезқазған және Сәтбаев қалаларында «Үміт», «Жетім балалар Интернаты», «Мерей», «Балалық үйі» жетімдер үйіндегі балаларға арнап арнайы мереке ұйымдастырылды.

ТӘБ-тің Ақсай филиалы көшеде сурет салу жарысын ұйымдастырды. Балаларға тәттілер мен неше түрлі сыйлықтар таратылды. Талдықорғанда банк оыстық үгедектер қоғамдастығының есептік-таңдау конференциясын қаржыландырды, Шығыс-Қазақстан облысында – Науалин интернат-үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға киім-кешек алу үшін қаржы аударды.

Қарағанды және Теміртау қалаларында банк 7 Б сыныбының оқушыларына қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Онкогемотология орталығындағы ауру балаларға мереке ұйымдастыруда қаржылай көмек көрсетті.

Осы жобаларды жүзеге асырып жатқандағы басты мақсат – бүлдіршіндерді және олардың аналарын қуанту, оларға және қоғамға қолдау көрсету, қоғам әлеуметтік проблемалардан арылтуымыз керек, - деді өз сөзінде ТұранӘлем банкінің Басқарма төрағасының орынбасары Генриг Холодзинский.