Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкі исламдық синдикатталған несие алды

04.07.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем банкі 200 млн.АҚШ доллары көлемінде Мурабахтың исламдық несиесін алды.
Мәміле Calyon Corporate and Investment Bank SA мен Abu Dhabi Islamic Bank PJSC сәтті аяқталды.

Бастапқы жарияланған мәміле сомасы екі есеге көтеріліп, 200 млн.АҚШ долларын құрады. Несие 369 күн және 2 жылға алынды. Маржа транштарға сәйкес 0,4 және 0,7 пайызды құрады.

Несиенің ерекшелігі таяушығыс аймақтағы инвесторларға бағдар жасау болып табылады.
Мәмілеге 9 несие беруші банк қатысты, олардың үшеуі Қазақстанды алғаш рет инвестициялап отыр. Abu Dhabi Commercial Bank 30 млн.АҚШ доллары көлеміндегі мәмілеге қатысып, Бас ұйымдастырушы мәртебесіне ие болды.

“Мәміле нәтижесінде банк тек қорландыру көздерін әртараптандырып қана қойған жоқ, сондай-ақ инновациялық банктің позициясын және исламдық қаржыландыру принциптерін таратушылар көшбасшысы екенін де нақтылай түсті,”— дейді банктің қаржы директоры Роман Солодченко.
“ТұранӘлем банкі Исламдық қаржыландырудың басқа да қаржыларын тартуды және анағұрлым ұзақ мерзімге тартуды жалғастырады.”

“ТұранӘлем Банкі”АҚ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруа көшбасшы. ТӘБ активтері 9,2 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал банктің меншікті капиталы 1,6 млрд. АҚШ долларына жетеді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.

ТӘБ-нің нарық үлесі әрбір негізгі бизнес сегментінің 20 пайызын құрайды. ТӘБ активтерінің көлемі бойынша ТМД банктерінің ең ірі ондығына кіреді. Банктің кепілдік берілмеген ірі еуробондтарына Moody`s атынан Baal инвестициялық рейтингі берілді.

ТӘБ ТМД мен Балтика еддерін қосқанда дүние жүзі бойынша 600-ге жуық шетелдік банктермен-корреспонденттермен белсенді ынтымақтастық құрады. 150-ден астам халықаралық банктер саудалық қаржыландыру үшін ТӘБ пайдасына 3 жылдық мерзімге 2 млрд. АҚШ долларынан асатын мөлшерде бланкілік лимиттер белгіледі.