Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"Standard and Poor’s" ТұранӘлем банкінің рейтингін BB/STABIE/B деңгейінде бекітті

04.07.2006 / Баспасөз орталығы

Банктің еншілес компаниясының мәмілесіне байланысты Халықаралық “Standard & Poor`s” рейтингілік компаниясы ТұранӘлем банкінің рейтингісін BB/STABIE деңгейінде деп бекітті.

ТӘБ-тің еншілес компаниясы “ТұранӘлем Секьюритис”АҚ - Sekerbank T.A.S. өкілдерімен ТұранӘлем банкі акционерлерінің мүддесі үшін 33,98% акцияны сатып алу туралы шарт жасасты.

Меншіктің ауысуы 2006 жылғы 31 қазанға дейін аяқталады деп күтілуде.Мәміле сомасы 256 млн. АҚШ долларын құрады. Sekerbank акциясының 3,4 пайызын құрайтын үлес ТұранӘлем Секьюритис компаниясының тікелей өз қорынан бөлінетін болады.

Акционерлер Sekerbank акциясын акционерлердің банктік емес бизнестен алынған кірісін инвестициялау мақсатында сатып алды. ТӘБ акционерлері түріктің банктік жүйесі мен бизнес-қоғамдастығы стратегиялық мүддені көздейді және кіріс көздерін әртараптандыруға көмектеседі деп есептейді..
Түріктің қаржы рыногына шығу Қазақстан үшін де аса маңызды.

“ТұранӘлем Банкі”АҚ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі,ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9,2 млрд. АҚШ долларына жетеді, ал банктің жиынтық меншіктегі капиталы 1,6 млрд. АҚШ долларына жетеді. “ТұранӘлем Банкі”АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы қарқынмен дамуды көздейді.