Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкі 110 млн. АҚШ доллары көлемінде азиялық синдикатталған несие алды

04.07.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем банкі өзінің еншілес компаниясы TuranAlem Finance B.V. арқылы сәтті аяқталған және 2006 жылдың 30 маусымында қол қойылған 110 млн. АҚШ доллары көлемін құрайтын Азиялық синдикатталған несие алды.

Несиенің бастапқы сомасы 50 млн.АҚШ долларын құрады, алайда азиялық инвесторлардың зор қызығушылық танытуларына байланысты 110 млн. долларға дейінгі мөлшерге 120 %-ға қайта қол қойылды.

Несие ортақ корпоративтік мақсаттарға тартылды және саудалық қаржыландыруды қосқанда, ТӘБ үшін Азиялық аймақтардың инвесторларына тікелей бағытталған бастама болды.

Несиенің букраннері және қарыздың жетекші ұйымдастырушысы – Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ. LTD. Жетекші ұйымдастырушылардың мәртебесі Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ. LTD. деңгейінде. LTD –ны Kookmin Bank және Taiwan Cooperatiwe Bank, Offshore Banking Branch иемденген.Синдикатталған қарыз бойынша несие берушілерді Азияның 16 банкінің өкілдері құрады.


ТӘБ-нің нарық үлесі әрбір негізгі бизнес сегментінің 20 пайызын құрайды. ТӘБ активтерінің көлемі бойынша ТМД банктерінің ең ірі ондығына кіреді. Банктің кепілдік берілмеген ірі еуробондтарына Moody`s атынан Baal инвестициялық рейтингі берілді.

ТӘБ дүние жүзі бойынша 600-ге жуық шетелдік банктермен-корреспонденттермен, ТМД мен Балтиканы қосқанда, белсенді ынтымақтастық құрады. 150-ден астам халықаралық банктер саудалық қаржыландыру үшін ТӘБ пайдасына 3 жылдық мерзімге 2 млрд. АҚШ долларынан асатын мөлшерде бланкілік лимиттер белгіледі.

Несие алушы – TuranAlem Finance B.V. Ол ТӘБ-нің 100%-дық еншілес компаниясы болып табылады.

2001 жылы негізі қаланған TuranAlem Finance B.V. ТӘБ қаржыларын тартудың құралы болып табылады. TuranAlem Finance B.V. кепілдік берілмеген ірі қарызына Moody`s атынан Baal (Болжам: Тұрақты) , S&P атынан “BB”(Болжам: Тұрақты) және Fitch атынан “BB+” (Болжам: Тұрақты) рейтингілері берілді.

“ТұранӘлем Банкі”АҚ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9,2 млрд. АҚШ доллларын құрайды, ал банктің меншікті капиталы 1,6 млрд. АҚШ долларына жетеді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.