Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Астананың жаңа әкімшілік орталығында “Бәйтерек” атты жаңа банктік қызмет көрсету орталығы ашылды

12.07.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем банкі Қазақстанның Астана күні мерекесіне өз үлесін қосты. Астананың жаңа әкімшілік орталығында “Бәйтерек”атты жаңа банктік қызмет көрсету орталығы ашылды.
Домбыраның әуезді үні күмбірлеп, мол шашу шашылған оң жақ жағалаудағы орталықтың ашылу салтанатын “Астана-жаңа қала” арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру департаменті (ММ) директорының орынбасары Мәйкен Әзенов пен банк басқармасының мүшесі Бақыт Отарбеков ашты.

“Бәйтерек”БҚО – оң жақ жағалаудағы алғашқы орталық. Біз астанамыздың жаңа әкімшілік орталығында банк бөлімшелерімен жанданып келеміз”, -дейді орталықтың қала тұрғындары мен астана қонақтары үшін пайдасы мен қажеттігін атап өткен Мәйкен Әзенов.
“Бәйтерек”орталығының алғашқы клиенттері Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісі Латиф Гандилов пен Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Шургаия болды.

Жаңа орталық, яғни, мини-банк “ТұранӘлем”банкінің клиенттермен қарым-қатынастағы сенімділік пен жоғары сапалылық принциптерін ұстанады.Астана тұрғындары қажет ететін сапалы банктік қызметін ұсына отырып, “Бәйтерек”орталығы халықаралық стандарттарға сай және жеке тұлғалармен де, заңды тұлғалармен де жұмыс істейді.

Бұл жерде шот ашуға болады, пластикалық карточка алуға болады, басқа қалаға немесе елді-мекенге ақша аударуға болады.Орталық менеджерлері жекелеген және нақты клиенттерге барлық сұраныстар бойынша, соның ішінде несие берудің шарттары бойынша зор ықыласпен және маман ретінде кеңес береді.

“Бәйтерек”БҚО - ТұранӘлем банкінің астанадағы жетінші бөлімшесі.

“ТұранӘлем Банкі”АҚ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9,9 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал банктің меншікті капиталы 1,6 млрд. АҚШ долларына жетеді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.