Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкі жеке тұлғалар мен шағын орта бизнесті қаржыландыруды арттыру үшін Азиялық даму банкінен несие алды

19.07.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем Банкі экономиканың барлық саласындағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қаржыландыруды арттырып және жеке тұлғалар өнімдеріне несие беру үшін Азиялық даму банкінің(АДБ) несиелерін алды. 5 жыл мерзімге 75 миллион АҚШ доллары көлеміндегі несиенің бөлінуі жөніндегі келісімге Филиппиннің астанасы – Манилада қол қойылды.

« ТӘБ автомобильді несиелендіру рыногында көшбасшылық ұстанымын нығайтуды көздейді. Банк қазірдің өзінде клиенттерге кеңес беру, құжаттар жинау, бағаны, автомобильді сақтандыру мен несие беруді бір орында – Жабық циклді несиелендіру орталығында жүзеге асыру қызметтерін ұсына бастады. Банктің жаңа автомобильдер сегментіндегі мөлшерлемесі рыноктағы ең төменгі жылдық 12%-ды құрайды, тартылған ресурстар біздің жобаларымызды іске асыруға көмектеседі», -дейді ТӘБ-нің жеке тұлғаларды несиелендіру бойынша менеджері Игорь Крашенинников.

Кәсіпкерлерді қаржыландыруды қолдау, кеңес беру қызметтері ең алдымен өнеркәсіп, құрылыс, тұрмыстық қызметтер мен инновациялық қызметтер саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындарға берілетін болады.ТұрӘлем банкінің шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша несиелендіру қоржынының жалпы өсімі 2006 жылдың бірінші жартысында 23 400 млн. теңгені құрады.

ТӘБ алған несие АДБ-ның Қазақстанның жеке секторын мемлекеттік кепілдіксіз қаржыландыру бойынша жасалған екінші жобасы.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ — Қазақстандағы банк өнімдерінің толық спектрі мен қызметтерін көрсететін жетекші коммерциялық банктердің бірі. 2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша меншікті(баланстық) капиталының ( 0, 96 млрд.$) көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі, активтерінің көлемі бойынша (9,17 млрд.$) екінші орындағы банк болды. ТӘБ-нің нарықтағы үлесі әрбір негізгі бизнес сегментінің 20 пайызын құрайды.ТӘБ активтерінің көлемі бойынша ТМД банктерінің ең ірі ондығына кіреді.

Азиялық даму банкі 1966 жылы Азия мен Тынық мұхиты ауданындағы несиелер беру, инвестицияларды ынталандыру құралдары бойынша экономикалық өсу мен ынтымақтастыққа көмектесу үшін құрылды.