Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының әкімдері мен ТұранӘлем Банкі басшылары Қарағанды облысындағы бизнес қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

20.07.2006 / Баспасөз орталығы

Бүгін Жезқазған қаласындағы «Сары-Арқа» мәдени-ойын-сауық кешенінде Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының әкімдері және ТұранӘлем Банкі басшыларының Қарағанды облысы мен ауылдарының бизнес қоғамдастығы өкілдерімен кездесуі өтуде. Кездесудің мақсаты ТұранӘлем банкімен және атқарушы биліктің жергілікті органдарымен Қазақстанның шағын және орта бизнес, облыстағы өндіріс кәсіпорындары мен экономиканың басқа да салаларындағы компаниялардың ынтымақтастығы мәселелерін қарау.

Жезқазған қаласының әкімі Муса Танабаев аймақтың мәселелерін шешуге банкирлердің атсалысқаны үшін алғысын білдірді. Кездесуде көлік пен байланыс инвестициясы, банктен несие алудың күрделілігі, аймақтағы өндіріс қуаттылығын арттыру мен әкімшілік тосқауыл сияқты өткір проблемалар қаралды. Бизнесмендер өз сөздерінде аймақтағы ипотекалық үлгіні жедел күшейту жөнінде мәселе қозғады. Олардың айтуынша, бұл тұрғындардың бос қаржыларын экономиканың нақты секторларына тартуға көмектеседі.

«Біз үшін шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау, бөлшек сауда өнімі клиенттеріне жасайтын ұсыныстарымызды арттыру принциптілік тұрғыдан маңызды болып табылады»,-деп атап өтті сөйлеген сөзінде ТӘБ басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмештегі. «Бір ерекшелігі, ТӘБ кәсіпкерлеріне несие 10 жыл мерзімге беріледі, сондай-ақ ҚДЕБ ( ЕБРР), Азиялық және Ислам даму банкі желілері бойынша түрлі өнімдер беріледі. ТӘБ бастапқы бизнесті несиелендіруге әзір, сондай-ақ негізгі қарызын төлеу кезінде жеңілдіктер көрсетіледі және несиелер бойынша сыйлықтар тағайындалады. Біз лизингтің өркендейтініне сенеміз. Тамыз айында Жезқазғанда, ал 2006 жылдың аяғына дейін Жаңа-Арқа поселкесінде біз Тұрғындарға жаңа қызмет көрсету орталығын ашамыз. Сәтпаев қаласындағы банктік РКО қызмет түрлері кеңейтілген Банктік қызмет көрсету орталығы болып құрылады және тағы да бір бөлімше ашылады».

Қазақстанның Шағын және орта бизнесінің дамуы ТұранӘлем банкі үшін маңызды. Өзінің негізгі артықшылықтары– жоғары қаржылық тиянақтылығын, активтердің абслоютті өтімділігін, елеулі ресуртық базасын, кең көлемдегі филиалдық жүйені жоғары бағалай отырып, банк кәсіпкерлердің жұмысына қолайлы жағдай жасайды.

“ТұранӘлем Банкі”АҚ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 9,9 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал банктің меншікті капиталы 1,6 млрд. АҚШ долларына жетеді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.