Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкі

20.07.2006 / Баспасөз орталығы

Марапат туралы ресми түрде 13 шілде күні Лондонда жарияланды, ал «Үздік қызметі үшін» сертификатын банктің қаржы директоры Роман Солодченкоға «Euromoney» журналының ТМД мен Ресей елдері бойынша Директоры Мартин Борнның тапсыру салтанаты 24 шілде күні Алматыда өтеді.

«Еуропаның дамып келе жатқан рыногының үздік несие алушысы» марапатын беруде «EUROMONEY» комиссиясы ТұранӘлем банкі қолданатын технологиялар мен өнімдердің рынок үшін инновациялық фактілерін: «аталмыш валютада поляк үкіметі шығарған еурооблигациялардың басым бөлігін арттыратын» 200 миллион злота (67 миллион АҚШ доллары) бес жылдық еурооблигацияларды Қазақстанда бірінші болып ТӘБ-нің орналастыруын ескерді.Сонымен қоса, аталып өткеніндей, «негізінен активтерді басқаратын еуропалық компаниялар тарапынан еуробондқа деген сұраныстың күшті болғаны соншалық , лид-менеджерлер бағаны бір күнде жариялап, мәміленің прайсингін өткізді.

Басылым комиссиясы 2005 жылы бір жылға 50 миллион АҚШ долларына ТӘБ шарт жасасқан саудалық қаржыландыру бойынша Мурабахтың алғашқы Исламдық мәмілесін, Таяу шығыс елдерінің инвесторлары 200 милли АҚШ долларына шектеген жуырдағы Мурабахтың исламдық несиесін тартуы, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің инвесторларына бағытталған 369 күнге 110 миллион АҚШ долларына Азиялық синдикатталған несие келісіміне қол қойылуы, сондай-ақ ТӘБ-нің еуробондтық дәстүрлі рыногына адалдығы – «сәуір айында 250 миллон АҚШ долларына жеті жылдық еуробонд салғанын» атап көрсеткен.

Казахстан Банк ТуранАлем / Награда Euromoney

Журнал директоры М. Борн мен банктің қаржы директоры Р. Солодченкомен кездесуі кезінде 2006 жылғы 27-28 қыркүйекте ТұранӘлем банкі ұйымдастыратын «Капиталдың халықаралық нарығы және оның ТМД елдерінің қаржылық жүйесі мен экономикасын дамытудағы рөлі» атты VII алматылық банкаралық конференция сауалдары талқыланатын болады.

Сондай-ақ ТұранӘлем банкі 2006 жылғы 29 маусым күні Лондонда үздік мәмілеге қатысқаны үшін марапатталды. «2005 жылдың үздік мәмілесін» Trade Finance( Euromoney журналының қосымшасы) мұнай құятын танкерлер импортын Ресейден Қазақстанға ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша анықтады. Марапат несиелендірудің ең күрделі түрі – құрылымдық сауда қаржыландыруы бойынша берілді. Мәміле қазақстандық Mobilex Energy Limited компаниясының, Выборг судоқұрылыс зауыты, Sumitomo Mitsui Banking Corporation банкі мен и Еуропалық қайта жаңарту мен дамыту банкінің қатысуымен өтті және ол Қазақстан үшін стратегиялық маңызды жобалардың бірі – қазақстандық порт Ақтаудағы мұнай құю құрылысы терминалының бір бөлігі болып табылады.

Бұл жылы қазақстандық екі банк қана «EUROMONEY» журналының марапатына ие болды. Орта Азия мен ТМД елдеріндегі банктерге марапаттаулар тағайындалған жоқ.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстандағы банктік өнімдері мен қызмет түрлерінің толық спектрін ұсынатын коммерциялық банктердің бірі.2006 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі бойынша ТӘБ жеке капиталының (баланстық)көлемділігі бойынша ( 0, 96 млрд.$)ең ірі банк атанып, активтерінің көлемділігі бойынша ( 9,17 млрд.$) екінші орынды иемденді. ТӘБ-нің нарық үлесі әрбір негізгі бизнес сегментінің 20 пайызын құрайды. ТӘБ активтерінің көлемі бойынша ТМД банктерінің ең ірі ондығына кіреді.