Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкі акционерлері құрамына халықаралық инвесторлар консорциумы кірді

24.08.2006 / Баспасөз орталығы

Бүгін шведтік East Capital инвестициялық тобын басқаратын және америкалық Firebird инвестқоры кіретін консорциум қазақстандық «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның австриялық Raiffeisen Internationalға тиесілі 351,139 дана (7,71%) жай акцияларын сатып алу туралы мәмілені аяқтады. Мәміле сомасы 136.5 миллион еуроны құрады.

Банктің Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Еркін Тәтішев мәмілені барлық қатысушыларға тиімді деп есептейді. “East Capitalмен қызметтестік ТӘБ-нің өсу стратегиясын қолдау мен оның инвестициялық тартымдылық қабілеттілігін арттырады, сондай-ақ корпоративтік басқарудың стандарттарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл халықаралық инвесторлардың ТӘБ-не деген сенімділіктің жақсы дәлелі. Жаңа акционерлер үшін бұл — бізбен бірге банкті IPO-ға шығуға әзірлеу және акцияның құнын арттыру үшін табыс табу.”

East Capital Explorer Financial Institutions Fund Инвестициялық Комитетінің және East Capital тобының Төрағасы Питер Элам Хаканссон (Peter Elam Håkansson): “Бұл Қазақстанның көшбасшы банкіне инвестициялаудың зор мүмкіндігі, инвесторлардың бұл консорциумын басқару біз үшін зор қуаныш. Біз Қазақстан рыногында , әсіресе ТӘБ-інде өсу потецалының қарқынды болатынына көзіміз жетеді. Банктің позитивті дамуы бойынша біз басқа да акционерлермен жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз,”— деп мәлімдеді.


East Capital Шығыс Еуропа елдерінің қаржы рыногына маманданған активтерді басқару бойынша көшбасшы тәуелсіз компания. East Capital 2,7 миллиардтан астам еуроны басқарады. Өзінің инвестициялық стратегиясын нарықтың терең білімдеріне, жан-жақты талдауға және менеджерлер мен қор талдаушылары тарапынан жиі инспекциялауға негіздейді. Компанияның бас офисі Стокгольм қаласында, өкілдіктері Париж, Гонконг, Таллин, Мәскеу мен Осло қалаларында орналасқан.

The East Capital Financial Institutions Fund – Шығыс Еуропа елдері қаржы компанияларының акционерлік капиталдарына инвеситициялау үшін жабық қор. Қордың индикативті өлшемі 350 млн. еуроны құрайды.

Firebird 2.3 миллиардтан астам АҚШ долларын басқарады, дамушы елдердің акционерлік капиталдарына жеті қорда салымы бар. Әсіресе, ТМД мен Шығыс Еуропа елдеріне баса назар аударады.Оның клиенттері АҚШ, Еуропа мен Азияның кірістері жоғары қаржы институтары мен жеке тұлғалар. 1994 жылы құрылған Firebird Fund ресейлік компаниялардың ашық акцияларын инвестициялаған алғашқы қорлардың бірі.

“ТұранӘлем Банкі”АҚ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы.2006 жылғы 1 тамыздағы ТӘБ активтері 10 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.7 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі”АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.ТӘБ 2008 жылы ТМД-дағы ең ірі банктердің бірі болуды жоспарлап отыр. 2001 жылдан бергі банктің акционерлері құрамына мына банктер кірді: Қайта жаңарту мен дамытудың Еуропалық банкі(EBRD), Халықаралық қаржы корпорациясы(IFC) және Голландиялық даму банкі(FMO).