Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкі тарту еткен сөмкелермен мектепке барады

31.08.2006 / Баспасөз орталығы

Еліміздегі Білім күніне орай ТұранӘлем банкінің Қоғаммен байланыс басқармасы банктің атынан қайырымдылық акциясын өткізді.

2006 жылғы 29 тамыз күні ТӘБ өкілдері Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің жеткіншектеріне мектепке арналған барлық құрал-жабдықтар мен оқулықтарды салатын аса қажетті бұйым, сәнді де әдемі әрі барлық заттар сыйымды сөмкелерді сыйға тартты. 1-4 сынып оқушыларына 58, 4-9 сыныптарға 114, ал жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған 28 үлкен сөмкелер таратылды.

Сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.ТұранӘлем банкінен келген аға-апалары балаларға жылы сөздерін арнаса, 1-сынып бүлдіршіндері қазақ тілінде әзірлеген шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды.

— Бүгін ТұранӘлем банкі Білім күніне орай балаларға арнап сөмкелер тарту етті. Бұл сөмкелермен сендердің тек бестік пен төрттік бағалар алуларыңа тілектестік білдіреміз. Жақсы оқыңдар, үлгілі болыңдар. Тек жақсы оқыған балалар ғана белгілі мұғалім, дәрігер, банкир және басқа да кәсіп иелері бола алады, — деді ТӘБ-нің Қоғаммен байланыс басқармасының бастығы Данияр Қуантқанов.

№1 балалар үйінің директоры Зиада Нағашыбайқызы Қыстаубаева ТұранӘлем банкіне қажетті көмекті дәл уақытында көрсеткендері үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ бұл бірінші және бір ғана акция емес екенін атап өтті.

— ТӘБ-нің бұдан бұрынғы акциясы сәуір айында өткізілді. Оған белгілі десант, Олимпиадалық ойындардың жеңімпазы Магомед Куруглиев, елімізге белгілі дизайнер Балнұр Асанова , көпшілік қауымның сүйікті әншісі, жас орындаушы Ксения қатысып, балалар мерекесіне айналған болатын, — деді Зиада Нағашыбайқызы.

Сонымен бірге кеш соңында ТұранӘлем банкінің атынан әзірленген сыйлықтардан бөлек, жас ұрпақ үшін таптырмас тарихи «видео оқулық»бола алатын қарапайым адамдардың өмірі, армандары мен жақсылыққа құштарлықтарын дәріптейтін отандық киноның Алтын қорына енген фильмдердің видео кассеталары мен DVD дискілері тарту етілді.