Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТӘБ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді және жарғылық капиталды көбейту туралы шешім қабылданды

08.09.2006 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтті. Банктің жарғылық капиталын 400 млн. АҚШ долларына көбейту туралы шешім қабылданды.

« Капиталды арттыру ТМД нарығында ТӘБ ұстанымын нығайту қарастырылған 2015 жылға дейінгі банктің жаңа даму стратегиясын қабылдауға байланысты жүзеге асырылғалы отыр», — деді ТӘБ-тің қаржы директоры Роман Солодченко. «Ұйғарым жасалып отырған 10-ы эмиссияның акциясы 50 млрд. 184 млн. теңгені құрайды. Меншікті капитал көлемі жыл соңында шамамен 1,7 млрд. доллар АҚШ долларына жетеді. Орналастыру акциялары қаржысын ТӘБ стратегиялық серіктес банктерден бақылау пакеттерін өтеп алуға жұмсау көзделіп отыр. Қазір бұл төңіректе Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен келісім жүргізілуде.

Орналастыру бағасы акция үшін 62 178 теңгені немесе 6,2 номиналды құрайды. Ол шведтік East Capital инвестициялық тобын басқаратын Raiffeisen International (Австрия) консорциумының акциялар пакетін сату мәмілесінің қорытындысы бойынша анықталды. Акциялар банктің акционерлері арасында үйлесіммен таратылатын болады. Олардың көпшілігі өздерінің жаңа эмиссияға қатысатындарын растады.

Банк акционерлері Директорлар кеңесі құрамына өзгеріс енгізді. Raiffeisen International-дан тағайындалған директор (Австрия) – Артур Ильявтің орнына шведтік East Capital инвестициялық тобын басқаратын консорциум өкілі Юрки Талвите тағайындалды. ДК мүшесі Анатолий Погорелов басқа жұмысқа ауысты. Оның орнына Сәдуақас Мәмештегі сайланды. Банктің Директорлар кеңесіне Халықаралық акционерлердің біріккен өкілі болып Николас Тессейманның орнына Ираклий Манагадзе тағайындалды.

Директорлар кеңесі құрамының өзгеруі банк акцинерлері құрамының өзгеруіне, сондай-ақ банк акционерлерінің негізгі құрылым ретінде банк қызметінің даму стратегиясын және басқа да принципшіл сәттерін анықтайтын Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін арттыру талпынысына байланысты. Кәсіби және өзіндік ерекшелігі бар кәсіби және тәжірибелі менеджмент банктің тұрақты дамуын және оның сыртқы инвесторлар үшін айқындылығын қамтамасыз ете алады.