Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Көшпенділер» Украинаны таңдандырды

12.09.2006 / Баспасөз орталығы

Қазақстандық эпикалық «Көшпенділер» фильмінің орыс тіліндегі нұсқасының тұсаукесері 2006 жылдың 7 қыркүйегінде ТұранӘлем банкінің Киевтегі өкілдігінің ұйымдастыруымен аталмыш елдегі белгілі кинотеатрдың бірі –«Украинада» сәтті өтті.

Қазақ халқының тарих беттерінің драмалық сәттерінен сыр шертетін қазақ блокбастерін тамашалауға келушілер саны күткендегіден бірнеше есе артып түсті.

Көшпенділер көрермендер көңілінде үлкен әсер қалдырды. Қазақстандықтардың өздері фильм жайлы пікірлерін айтып берді. Алайда украиндықтар да ерекше таңданып, тек қана жақсы пікірлерімен ой бөлісті:
—Ұлттың мәдениетін, рухы мен идеясын дәріптейтін мұндай фильм бүгінгі заманда әрбір мемлекетке қажет. Мені жобаның голливудтық алымдылығы – арнаулы тиімділіктері, ақпараттылығы, көпшілдігі, шығысқа тән ақылдылығы таңдандырды. Үлкен әсер алдым. Көп рахмет!» деп өз лебізін білдірді «Көшпенділерді» тамашалағаннан кейін Украина Жоғарғы Радасы Төрағасының Кеңесшісі В. Юзба.

Украина Сыртқы істер министрінің жұбайы, «Искусство без границ» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Н. Е. Тарасюктың айтуынша, фильмде үлкен ақылдылық пен пәктік, тазалық көрініс тапқан:
—Тамаша фильм, бәрінен де мені дос үшін өмірін қиюға дайын тұратын, тек қазақтарға тән қасиет қазақтың кеңпейілдігі қайран қалдырды. Режиссура, актерлардың ойыны шынайы махаббат, бар тазалық пен мейірімділік қарым-қатынастарды жеткізе білген. Бүгінде тарихи және сапалы жасалған фильмдер қатары жетерлік. Алайда «Көшпенділерде» бастан-аяқ тазалық — нәзіктік пен әдемілік қатар жүреді, — деді таңданыспен Нина Тарасюк.

— Фильм менің Қазақстан туралы ғана емес, толығымен қазақтар туралы пікірімді де өзгертті. Оны тамашалағаннан кейін тарихқа терең үңіліп, қазақ халқының тарихын зерттегің келеді. Керемет әсер алдым. Өз еліме тамаша бір жақсылық жасасам деген ықыласым оянды, — деп ой бөлісті «Шевченко Дидковский и партнеры» заң компаниясының серіктесі А.Хачатурян.

Тұсаукесерде сондай-ақ Украинадағы ҚР жұмыстары бойынша сенімді өкіл К. Жанбатыров сөз сөйледі:
—Мен осы фильмді жасауға демеушілік көрсеткен және осы ауқымды жобаны қаржыландырған ТұранӘлем банкінің үлесін ерекше атап өткім келеді. «ТұранӘлем» банкі Қазақстанда да ТМД-да танылған көшбасшы банк болып табылады. ... Мен әлі де бұл кинолентаны тамашалап үлгермедім. Сондықтан картинаның өзі туралы қандай да бір пікір айту қиын. Бірақ прокат үшін еуропа елдерінің бәрі дерлік мүмкіндік алғанын білемін. Ал «Vox Video»компаниясы фильмді DVD-ге шығаруға құқық алды. Осыған қарағанда соғыс тамаша шыққан және әлемдік ауқымдағы бұл картинаның арқасында қазақ көшпендісі, жауынгер ковбойдың қасында гладиатор, самурай ретінде кинематографтың басты кейіпкерлері арасынан лайықты орын алады.

—Қазақстандық блокбастерді тамашалағаннан кейін адамдар қайтуға асыққан жоқ, ұйымдастырушылар мен банк өкілдеріне өз әсерлерін білдірді. Нақты айтқанда ауажайдың жақсы әсерлерге толғаны сезіліп тұрды, — деп ойымен бөлісті тұсаукесерден кейін ТӘБ өкілдігінің Киевтегі басшысы Светлана Николаевна Бердалиева.

—ТӘБ-ке ризашылықтарын білдірушілер әлі күнге қоңырау шалуда. Кино сондай-ақ украиналық БАҚ өкілдерінің де қызығушылығын туғызды, — деп толықтырды Светлана Бердалиева.

—Қазақстан тарихы туралы «Көшпенділер» фильм-эпопеясының авторы Рустам Ибрагимбеков. Медиа-жобаны жасаған белгілі режиссерлер Иван Пассер(АҚШ) мен Сергей Бодров және қазақстандық Талғат Теменов. «Көшпенділер» жұмысына 350 адам қатысты, олардың қатарында дүние жүзінің 30 елінің Қазақстанның, Ресей, АҚШ, Чехия, Венгрия және т.б. елдердің кинематографистері бар. Басты рөлдерде АҚШ-тың әлемдік деңгейдегі жұлдыздары Куно Беккер(Мансурдың рөлі), Марк Дакаскос(Шарыштың рөлі), Джей Ернандес (Ералының рөлі), Джейсон Скот Ли (Ораздың рөлі) ойнаған. Фильм үшін арнайы 13 мың бірлік қару-жарақ дайындалды. 15 мың қазақтың және жоңғар күртешелері, соншалықты тұрмыс заттары мен ұлттық киімдер қолданылды. Картина сюжеті 30 млн. АҚШ долларын құрады. Оның жартысынан астам бөлігін Қазақстан үкіметі бөлді.

ТұранӘлем банкі көшбасшы қаржы институты бола тұрып, сонымен қоса әлеуметтік жауапты болса да,елдің мәдени және рухани дамуына немқұрайды қарамайды. 2006 жылдың сәуір айында Киевтегі ТӘБ өкілдігінің қолдауымен Олжас Сүлейменовтің « Мова письма» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.Сонда Украина Президенті Виктор Ющенко қазақ жазушысы О. Сүлейменовті қазақ және украин халықтарының екіжақты мәдени қарым-қатынасын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін V дәрежелі «Князь Ярославль Мудрый» орденімен марапаттаған болатын.