Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

1,111 млрд. доллар дүниежүзілік синдикатталған қарыз тартылды

13.09.2006 / Баспасөз орталығы

Синдикатталған қарызды ТұранӘлем банкінің еншілес компаниясы - TuranAlem Finance B.V. ТӘБ кепілдігімен тартты. 1, 111 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қарыз екі траншпен,18 ай және 3 жыл мерзімге тартылды. LIBOR үстеме мөлшерлемесіне сәйкес пайыздық мөлшерлеме 35 және 65 базистік пункттерді құрайды. Ортақ корпоративтік мақсаттарға тартылған синдикатталған қарыздың алғашқы сомасы өткен жылғы саудалық қаржыландыру үшін тартылған 777 млн АҚШ доллар қарызды қайта қаржыландыруды қосқанда 800 млн. АҚШ долларын құрады, алайда халықаралық рынок тарапынан қызығушылықтың артуына байланысты ол артты.

Мәміленің бас ұйымдастырушылары мен букраннерлері The Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Ltd., Commerzbank Aktiengesellschaft и Standard Chartered Bank. Өкілетті ұйымдастырушылары ABN Amro Bank N.V., BayernLB, ING Bank N.V., JPMorgan, Mediobanca, Mizuho and Morgan Stanley.

Ұйымдастырушыларды қосқанда синдикатқа 55 шетелдік банк пен әлемнің 20 елінің қаржы институттары қатысты. Синдикатқа қатысушыларды Батыс Еуропадан (53%), Солтүстік Америкадан (16%), Таяу Шығыстан (13%), Оңтүстік –Шығыс Азиядан (9%) Великобританиядан (9%).кредиторлар құрады. Инвесторлардың кейбірі қазақстандық синдикатталған қарыздар рыногына алғаш рет қатысты.

«Бұл қарыз ТұранӘлем Банкіне тез дамып келе жатқан қазақстандық қаржылық сектор жағдайында саудалық қаржыландыру рыногындағы көшбасшылығын нығайтуға көмектеседі», - деді ТӘБ атқарушы директоры Дина Әбдіхалықова.
«Мәмілеге дүние жүзі елдері кредиторларының қатысуы инвесторлардың банкке сенімінің жоғары деңгейде екенін тағы да дәлелдеді. Қатысушылар арасында қазақстандық синдикатталған қарыздар рыногына алғаш рет қатысушылар бар. Ол - Morgan Stanley, Mediobanca, Bank of Ireland инвесторлары».

Несие алушы – TuranAlem Finanke B.V. Ол ТӘБ-нің 100%-дық еншілес компаниясы болып табылады. 2001 жылы негізі қаланған TuranAlem Finanke B.V. ТӘБ қаржыларын тартудың құралы болып табылады. TuranAlem Finanke B.V. кепілдік берілмеген ірі қарызына Moody`s атынан Baal (Болжам: Тұрақты) , S&P атынан “BB”(Болжам: Тұрақты) және Fitch атынан “BB+” (Болжам: Тұрақты) рейтингілері берілді.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын ядро қаржы тобын құрайды, ТӘБ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы.